БАҚ: Анджелина Джоли мен Брэд Питттің ажырасу процесі 7 жылдан кейін аяқталды

БАҚ: Анджелина Джоли мен Брэд Питттің ажырасу процесі 7 жылдан кейін аяқталды
Фото: ашық дереккөз

Жеті жылдан кейін Анджелина Джоли мен Брэд Питттің ажырасу процесі аяқталды. Бұл жайлы In Touch Weekly жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Анджелина Джоли 2016 жылы ажырасуға өтініш берген. Себебіне ол ымыраға келмейтін келіспеушіліктер деп жазды. Кейінірек актриса Брэд Питпен ажырасуының шешуші факторы - оның мас күйіндегі шектен шыққан мінез-құлқы екенін айтты. Ол жеке рейспен ұшу кезінде жанжал шығарып, оған балаларының көзінше физикалық күш қолданды деп болжанды.

"Олар бұл заңды дауларға, соның ішінде қамқоршылық үшін күреске көп ақша жұмсады және Анджелина банкротқа ұшырауы мүмкін еді. Сондықтан оның шығындарын азайту ақылға қонымды. Бұл Брэд үшін үлкен жеңіс", — дейді инсайдер.

Оның айтуынша, келіссөздер актер үшін ауыр болды.

Барлық соттардың нәтижесінде Анджелина Джоли 18 жасқа толмаған балаларды қамқорлыққа алуға негізгі құқықты алды. Брэд Питтке келіп тұру құқығы қалады.

Сондай-ақ, Брэд Chateau Miraval шарап зауытын толық бақылау үшін 250 миллион доллар аударуы керек.

кинодан кадр

Олар 2005 жылдан бері бірге. Олардың қарым-қатынасы басталғаннан кейін бір жыл өткен соң, қызы Шило Нувель, ал 2008 жылы егіздер Вивьен Маршелин мен Нокс Леон дүниеге келді. Брэд Питт актрисаның асырап алған барлық балаларын қабылдады.

Олар үйлену тойын 2014 жылы Францияның оңтүстігінде өткізді. 

Еске салайық, шарап зауыты жұлдыздардың дау-дамайына айналды. Ажырасқаннан кейін Анджелина өз үлесін ресейлік миллиардер Юрий Шефлерге сатты, ал Брэд актрисаны оның келісімінсіз зауытты сатуға құқығы жоқ деп айыптады.

Бұл іс бірнеше жылға созылды. Олар шарап зауытын және оның қалай жұмыс істейтінін бағалай алатын делдал жалдады. Бұл Брэд пен бұрын Анджелинаға тиесілі үлесті иеленетін компания арасындағы келіссөзге ықпал етуі керек еді. Мәселені шешуге үшінші тұлға себеп болған болуы мүмкін.

А. Жапатова