"Ертең қызыңызға бірнәрсе болса, өмір бойы өкініп жүресіз". Актер Рамазан Амантай отбасындағы құпиясын бөлісті

"Ертең қызыңызға бірнәрсе болса, өмір бойы өкініп жүресіз". Актер Рамазан Амантай отбасындағы құпиясын бөлісті
Фото: instagram.com/ramantay

Актер, ақын Рамазан Амантай отбасындағы болған оқиғаны бөлісіп, Massaget.kz тілшісі қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Көптеген хит әннің сөзін жазған ақын, актер Рамазан Амантай жары Гульфарумен кездескен кезде бірден үйленеміз деп айтқанын жеткізді.

© instagram.com/ramantay

"Менің енді таныстығымды бүкіл ел білетін шығар. Белгілі бір арнаға түсірілімге барғанда сырттай бірден ұнатып, сөйлесіп кешкісін театрға шақырдым. Өзі де тартымды, салмақты қыз. Маған бірден ұнады. Сұлулығын ұнаттым. Ол кезде толықсыған, әппақ қыз еді. Қазір басқаша болып кетті. Театрға бардық, оның алғашқы жігітпен кездесуі екен. Маған тұрмысқа шығасың ба дедім. Бірден келісім бермейді ғой енді. Дегенмен ол сасқалақтап, түсінбей қалды. 1 айдан кейін мен ата-анаммен таныстырып тастадым. Тойдың уақыты өтті, тез-тез үйленіп тастадық", - дейді ол.

Келіншегім үйде бала тәрбиесімен айналысады

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рахымжан Амантай (@ramantay)

© instagram.com/ramantay

"Қазір үйде балаға қарап отыр. Дегенмен өзі бірнәрсе бастағысы келіп жүр. Мамандығы журналист. Ол сала бойынша қазір жұмыс істегісі келмейді. Көбіне сату, кәсіп бойынша икемі бар. Оны мен әрқашан қолдайтынымды айттым", - дейді ол.

Келіншегімнің түсіне атам Амантай кірген

"Қыз туылайын деп жүргенде. Марқұм атам келінінің түсіне кіріп мына туайын деп жатқан қыз менің орнымды басатын, Алла несібесін мол қылып бөліп жатыр деп атын Несібелі деп қойыңдар деп айтыпты. Түскі уақытта мен ұйықтап жатсам, келіншегім мені оятады содан не керек шошып оянып мен тұрдым. Ентігіп мән-жайды айтып берді", - дейді актер.

Имамдармен ақылдастым

© yernar_almabek

"Содан сол түстен кейін әруақтардан аттай алмадық. Мен имамдармен ақылдастым. Несібелі деген есім өте тамаша есім. Дегенмен көнерген есім болғандықтан оны да уайымдадым, шыны керек. Имамдардан, ұстаздардан сұрадым. Ол кісілер: "Сол атты қойыңыздар деп кеңесін берді. Себебі ертең қызыңызға бірнәрсе болса, өмір бойы өкініп жүресіз" - деді. Сондықтан сол атты қоюға тура келді", - дейді актер Рамазан Амантай.

Айта кетейік, актер Рамазан Амантай өзінің алғашқы туындысы "Әкеге апарар жол" фильмін таспалау үшін қыруар қаржы қарызға алған. Актер қомақты ақшаны кіммен алды? Осы сілтемеге өтіп оқып, біле аласыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы