"Ұят, қазақта жоқ нәрсе". Әнші Өмірқұл Айниязов желіге видео жүктеп халықтың сынына қалды

Әнші Өмірқұл Айниязов өзінің instagram парақшасына видео жариялап, оқырмандарының сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі құда күтіп, ерекше дәстүрдің орындалғанын жазды.

"Қазақтың ырымдары ғой енді. Оны да көрдік", - деп жазды ол.

Кадрда әнші жарымен бірге көрпенің астына жатады. Бұны көрген Желі қолданушылары бірі құптаса, енді бірі сыннның астына алды.

"Ұят, қазақта жоқ нәрсе", "Құдай-ау, мұндайда салт бар ма?", "Бізде Маңғыстау жақта бұндай дәстүр жоқ", "Не болса да, жақсы ырым екен. Жастар бақытты болсын", "Бір жастықта қартайыңдар деген мағына емес пе?, Басқа жақта білмеймін, Аралда бар бұндай", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Өмірқұл Айниязов шаңыраққа семейлік қызды келін етіп түсіргенін жазған болатынбыз. Ол туралы толығырақ осы сілтеме арқылы оқып біле аласыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!