Атырауда үйлену тойында қалыңдыққа шәйнек табысталған видео Желіде қызу талқыланды

Атырауда үйлену тойында қалыңдыққа шәйнек табысталған видео Желіде қызу талқыланды
Фото: видеодан кадр

Қазақ отбасыларындағы келіндерге деген көзқарас - біздің қоғамды ұрпақтар бойы толғандыратын тақырып. Кейбір аймақтарда келіннен таңертең "сәлем салу" және орамал тағып жүру сұралса, басқа отбасыларда бәрімен тату болу жеткілікті. Атыраудағы үйлену тойында қалыңдыққа салтанатты түрде шәйнек табысталған бейнеролик әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Tengri Life оның қандай рәсім екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрда ақ көйлек киген және ақ орамал таққан әйелдердің бір қатарда тұрғанын және қызыл көйлек киген әйел қалыңдыққа шәйнекті салтанатты түрде табыстағаны көрінеді. Ал қалыңдық "келін символын" қонақтарға көрсетіп, шәйнекті жоғары көтереді.

@ainura_ainis

Готова к хейту ?

♬ оригинальный звук - Ainura_ainis

Желі қолданушылары видеодағы әрекетті орынсыз санап, белсенді түрде пікір жаза бастады.

"Мейрамханада қалыңдыққа шәйнек бергені несі?!", "Қызметші рөлімен бөліскендей", "Мен тойға ақ көйлек киіп баруға ұяламын", "Абысын келінге сәлем сала ма, не боп кетті", - деп жазды олар.

Tengri Life бұл үйлену тойындағы ерекше рәсім туралы білу үшін "қызыл көйлектегі ханымға" хабарластық.

"Үйлену тойы Атырау қаласында өтті, мен күйеуіммен және балаларыммен Түркияда тұрамын. Біз алыста болғандықтан, мен ұйымдастырушылық жұмыстарға көп қатысқан жоқпын, тіпті, барлық келіндердің бұлай шығатынын білмедім. Бірақ бізде мұндай дәстүр жоқ, мен бірінші рет көріп тұрмын, тамаданың ойлап тапқаны сияқты. Осыншама келіндерді бірдей киіммен көру сирек шығар", - деді қалыңдықтың абысыны Айнұр.

Той этикеті бойынша, ақ түс - қалыңдық символы.

"Мен басынан ақ көйлектер жайлы білдім. Бірақ қайын енем екеуміздің көйлегіміз бәрінен өзгеше болғанын қаладым, өйткені бұл туған қайын інімнің үйлену тойы. Мен үлкендерге қарсы шыққым келмеді, сондықтан басында басқалар сияқты орамал тағып, қызыл көйлектің сыртынан жамылғы киіп жүрдім. Оған қоса, мен барлығымен бірдей болғанды жақсы көрмеймін", - деп жалғастырды ол.

Шәйнекке қатысты жағдай алдын ала жоспарланбаған және бұл той қонақтарының көңілін көтергісі келген тамаданың бастамасы болған.

"Мен киімімді ауыстырған бойда, тамада кенеттен шәйнекті үлкеннен кішіге дейін бір-біріне берулерін сұрады. Мен оның туған абысыны болғандықтан, соңғысын мен бердім. Негізінде бізде той барлық жердегідей өтеді. Тек қазір ғана Ақтаудағыдай орамал тағып, сәлем салу келе бастады", - деп қорытындылады ол.

Еске салайық, бұған дейін той жасамаған қазақстандықтардың оқиғасын жазған болатынбыз.

А. Жапатова