"2 миллион 320 мың теңге". Танымал актриса Әсел Асқар анасына ота жасатты

"2 миллион 320 мың теңге". Танымал актриса Әсел Асқар анасына ота жасатты
Фото: instagram.com/assel.askar

Танымал актриса, блогер Әсел Асқар анасына ота жасатты. Бұл туралы ол өзінің instagram storis-де айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің анасы өз жасынан әлде қайда жас көрінеді. Бұл жолы ол бет терісін тарттырған.

© instagram.com/assel.askar

"Ота жастардан бір күн бұрын анам қатты қобалжып, ұйықтай алмады. Шынымды айтсам, мен де қатты алаңдадым. Бірақ анама білдірмеуге тырыстым. Анамның бет пішіні жақсы, ол әрқашан өз жасынан әлде қайда жас көрінетін. Анама қарап таңғаламын, ол қандай жағдай болмасын әр қашан өзіне қарап, күтініп жүреді. Еске салайын, анам 58 жаста. Пластикалық отаның нәтижесі оған ұнады. Отаның бағасы жеңілдікпен 2 миллион 320 000 теңгеге шықты. Ота аяқталғанша алаңдап, арасында жылап та алдым. Пластикалық ота – анама жасаған сыйлығым. Анам сондай бақытты әрі сұлу",- деп жазды Әсел Асқар.

© instagram.com/assel.askar

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы