"9 айдың нәтижесі керемет". Алматылық қыз қазақ тілін үйренудегі тәжірибесін бөлісті

"9 айдың нәтижесі керемет". Алматылық қыз қазақ тілін үйренудегі тәжірибесін бөлісті
Фото: видео кадры

Алматы тұрғынының қазақ тілін үйренудегі тәжірибесін бөліскен видеосы әлеуметтік желіде танымал болды. Тоғыз ай ішінде ол сөйлесу деңгейін меңгере алған. Tengri Life қыз жаттығуда қандай құралдарды пайдаланғанын білу үшін онымен әңгімелесіп көрген.

Вероника Фонова Алматыда туған, қазақ тілін үйреніп жүргеніне шамамен 9 ай болған екен. Бойжеткен аптасына екі рет маманмен жұмыс істейді, әр дүйсенбіде онлайн сөйлесу сабақтары өтеді.

"9 айдың нәтижесі керемет", "Жарайсыз, мұндай адамдар көп болса", "Тамаша", "Қазақ тіліңіз қандай жақсы, жарайсыз!", "Керемет", "Ал мен қазақ тілін бір жылда үйрендім, егер қаласаңыз, шынымен қолдан келеді", - деп жазып жатыр қолданушылар видео астына.

Қыз өз жетістіктерін TikTok-тағы "бейне күнделік" арқылы бөліседі - ал пікір білдірген пайдаланушылар блогердің бастамасын қолдайды.

Оның айтуынша, ол қазақ тілінде еркін сөйлей алмаса да, ауызекі тілді түсінеді. Мысалы, қыз Нұрлан Қоянбаевпен "Жаңа түнгі студияда" бағдарламасын жиі тамашалап, қонақтардың не айтып жатқанын түсінеді.

"Мен аптасына екі рет сабаққа және аптасына бір рет онлайн сабаққа барамын. Курстар қиынырақ: ережелер, грамматика, көптеген жаңа сөздер. Ал онлайн, мұғалім екеуміз жай сөйлесеміз, кино және жұмыс туралы айтамыз", - дейді ол.

Алматылық қыз тіл үйренуді көпке дейін кейінге қалдырып келген, бірақ былтыр ол тілді жетік меңгергісі келетінін түсініп, бұл іске жауапкершілікпен қарауды жөн көрген.

"Бұрын үнемі сылтау болатын - не уақыт жоқ, курстарға ақша жоқ не тағы басқа нәрсе. Бірақ былтыр өзімді қолға алдым, енді кейінге қалдыруға болмайтынын айттым. Мен өз елімді жақсы көремін, мен осында тудым және оның толық бөлігі болғым келеді. Мүмкін біреу келіспейтін шығар, бірақ тілді білмейінше ол мүмкін емес деп ойлаймын", - деп мойындады бойжеткен.

@veronica_fo

қолдауыңыз үшін рақмет ???

♬ оригинальный звук - Вероница ?

Вероника қазақ тілінде сөйлегісі келгенде ұялатынын жасырмайды. Дәл осы себепті қыз әлеуметтік желіде видеолар түсіреді, бұл өз кезегінде оған өзін сенімдірек сезінуге мүмкіндік береді.

"Ерте ме, кеш пе емін-еркін сөйлеймін. Бірақ әлі де бейтаныс адамдармен қазақша сөйлескім келгенде қатты алаңдаймын. Қателерімнен және сөйлегенімнен қысыламын. Сондықтан, айтпақшы, кейде мен ТикТок немесе инстаграмда видео түсіремін – солай толқуды жеңу оңай", - деп бөлісті бойжеткен.

Алматы тұрғыны ілгерілеуді көзбен көру үшін видео түсіретінін айтады. Оның үстіне қыз мақтауға ризашылықпен қарайды, бірақ әрбір қазақстандық қазақ тілінде сөйлеуге міндетті екенін атап өтеді.

"Бұл жерде мақтанатын ешнәрсе жоқ - тілді білу норма болуы керек. Мен оны 30 жасымда үйрене бастадым, сабаққа жүйелі қатысу өз нәтижесін береді. Менің ойымша, менің славян азаматтарына жүгінуге моральдық құқығым бар, өйткені мен өзім орыстілді ортада өстім. Өкінішке қарай, маған тіл білудің маңыздылығы туралы ешқашан айтылмаған. Бірақ менің ойымша, сіз ересек адам ретінде бұны өзіңіз түсініп, меңгеруіңіз керек", - дейді Вероника.

 Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан