Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына жариялады. Димаш оқырмандарынан Абайдың бір өлеңін оқып, оны видеоға түсіруді сұрады.

"Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың туған күніне орай челлендж бастаймын және оны барша жанкүйерлеріме таратамын. Абайдың кез келген өлеңін оқып, видеоны #Abaychallange хештегімен орналастырсаңыз болғаны", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген видеода Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа оқыды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевты ұлықтап, ұмытпауға шақырған Димаш Құдайберген көпшіліктің қолдауына ие болды.

"Сегіз қырлы, бір сырлы ғой біздің Димаштай", "Жақсы челлендж", "Ниетіңе нұр жаусын", "Жарайсыз, қатысамын", "Керемет челлендж", "Бастамаңыз тамаша", – деп жарыса жазды желідегілер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!