Димаш Құдайбергеннің әнін орындаған сарбаз Желі жұлдызына айналды

Димаш Құдайбергеннің әнін орындаған сарбаз Желі жұлдызына айналды
Фото: © tiktok/@saken_alimkhanov

Сәкен Әлімханов әнші Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" атты әнін шырқап, әлеуметтік желі жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram мен Telegram-арналарда сарбаздың әнші Димашты танытқан күрделі композицияны орындайтын видеосы тарады.

Видеодағы жазбада орындаушы фонограммамен емес, тікелей эфирде ән айтып жатқаны жазылған.

"Оның TikTok-парақшасында бұған көз жеткізуге болатын басқа әндері бар", - делінген онда.

Желі қолданушылары әнші мен оның талантына таңғалған:

"Осындай қиын әнді керемет орындағаныңыз үшін рақмет".

"Талант, браво, жарайсың, тек алға!!!"

"Мен таңғалып тұрмын! Қазақстанда тағы мұндай қанша адам бар?!!! Браво!"

"Қазақстан - жұлдыздар фабрикасы".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова