"32 жылдан кейін менің тойымда кездесті". Әсел Сәдуақасова отбасылық құпиясын бөлісті

"32 жылдан кейін менің тойымда кездесті". Әсел Сәдуақасова отбасылық құпиясын бөлісті
Фото: asselsadvakassova/instagram

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова әкесімен ұзақ жыл араласпағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актрисаның сөзінше, алты жасынан бастап әкесін көрмеген. Осылайша, 3 жыл бұрын өзі қадам жасап, әкесімен сөйлесуге тырысқан.

"Әкем мен анам тойымда болса деп армандайтынмын. Үш жыл бұрын әкеммен өзім танысқым келді, содан бері араласамыз. 32 жылдан кейін әкем мен анам менің тойымда кездесті", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асель Садвакасова (@asselsadvakassova)

Желі қолданушылары оның дұрыс қадам жасағанын айтқан.

"Жарайсың, дұрыс істедіңіз. Әкеңіздің көзінен сіздің алдыңызда өзін кінәлі сезінетіні көрінеді", "Әкеңізге кек сақтамаған сіз, жарайсыз", "Өте дұрыс қадам", "Ата-анаңыз тірі болғанда шешу керек", - деп жазды олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова