Мөлдір Әуелбекова намаз оқуына кім себепкер болғанын айтты

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова намаз оқуына кім себепкер болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Әкем маған көбірек айта бастаған кезде, Алла маған сондай ой салды. Бір күні өзімнен-өзім отырдым да, әкеме келіп "Әке, сізге уәде етемін. Мен қалай тұрмысқа шығамын, бірден намазға жығыламын" дедім. Мен желтоқсанда тұрмысқа шықтым, қаңтардың ең бірінші аптасында өзімнен-өзім намазға жығылдым. Мен арнайы жаттап, дайындалған жоқпын. Үйде әкемнен көріп жүрген нәрселерді, қалай оқылатынын білемін. Неден кейін не оқылатынын білемін. Бәрін ақ қағазға көзіме көрінетіндей етіп жазып алдым да оқыдым. Жатқа білмеймін. Кейбір негізгі сүрелерді білемін. Уәдемде тұрдым да, намазға жығылдым. Алла мені солай намазға алып келді. Алланың қалауымен әкем себепші болды", - деді өнерпаз.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова - эстрада әншісі. Оның "Сүйіктім", "Қуанышым", "Әдемі қыз" сынды әндері бар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!