"25 жылдан кейін мурал салып беремін". Алматыда ер адам әйеліне ерекше сый тарту етті

"25 жылдан кейін мурал салып беремін". Алматыда ер адам әйеліне ерекше сый тарту етті
Фото: Видео кадры

Желіде Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріне салынған "махаббат муралының" видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok-та 25 мың қаралым, 2 мыңнан аса лайк жинаған. 

"Маған күйеуге шықшы, 25 жылдан кейін саған мурал салып беремін", - деп күйеуінің сөзін еске алды видеодағы әйел. 

Мурал Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде салынған. Муралды көрген қала тұрғындары ер адамның әйеліне арнаған сыйлығына тәнті болды. 

"Мен әр қызға мұндай керемет қадамға баратын жігіт тілеймін. Бұл - мурал мен туралы емес, бұл махаббаттың бары және 25 жылдан кейін де адамдар махаббат үшін мұндай әрекетке бара алатынының дәлелі", - деді ол. 

@mikasshakarim

♬ оригинальный звук - Mikasshakarim

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек