"Адам сияқты сүрінуге де болмай ма?" Бағлан Әбдірайымов Ұланғасыр Қамиевтің видеосы туралы айтты

"Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде тараған Ұланғасыр Қамиевтің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі көпшілікті жаман пікір жазбауға шақырған.

"Кеше Ұланғасырдың видеосын көріп қалдым. Төбелес пе? Төбелес! деп аса назар аудармадым. "Жігіт қой, басы аман болсын" дедім да, жылы жауып қойдым. Комментариясына қарап қалсам, ана жердегі сын-пікір жаза алмайтын, қарғысқа ұқсас комменттің ішінде өнерге қатысы бар жігіттер де жүр ғой. Таяқтан емес комментарилерден өлетін шығарсың. "Айналайындар ай… Әкеңнен алмаған сабақты кейде өмірден аласың. Басыңа келуі мүмкін, өйткені сен де өмір сүріп жатсың. Ұят болады! Адам сияқты сүрінуге де болмай ма, кедергі жасамаңдар" дедім, ішімнен", - деп жазған ол.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Бір тобы оны қолдаса, бір тобы сынға алған.

"Жігіттің басы жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде" дейтін қазақпыз ғой. Соншама табалап", "Бізге жау алыстан келмейді, өкініштісі бір-бірімізге жаумыз", "Қарға қарғаның көзің шұқымайды" дей ме? Сіздер жұлдыздар неге екені белгісіз, басқа қарапайым халықтың басына сондай бір жағдай түскенде, олай ешқайсыларыңыз ара түсіп сөйлемейсіздер", - дейді олар.

Еске салайық, бұған дейін Желіде танымал әншінің тойда төбелесіп, соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған болатын. Видеода әншінің алдымен тойда ән айтып тұрғаны, кейін жартылай жалаңаш төбелесіп жатқаны, артынан соққыға жығылғаны көрсетілген. Бұл жағдайға қатысты Жетісу полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз