"Мұндай болады деп ойламадым". Хорватиялық кәсіпкер Қазақстанға не үшін миллиардтаған сома аударғанын түсіндірді

Күні кеше Forbes-тің ресейлік тізіміндегі миллиардер Василий Анисимов "Қазақстан халқына" қорына 22,3 миллиард қаржы аударғанын түсіндіріп берді. Хорватиялық азаматтығы бар кәсіпкер Tengrinews.kz редакциясына эксклюзив сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, Василий Анисимов Алматыда туған. Ол "Қазақстан халқына" қорына 22,3 миллиард теңге (50 миллион доллар) аударған. 

"Қорға не үшін ақша аудардым? Оны түсіндіріп бере аламын. Forbes тізіміндегілер: "Қазақстанға көмектесу керек" деді. Көптеген газетте жазып жүргендей біз қыруар қаржы таптық. 22 миллиард бергенімнен өмірім өзгеріп кетеді деп ойламаймын. 

Өз қаражатыма Астанада шатыр орнаттым ("Хан Шатыр" сауда орталығы - еск.). Феттах Таминджемен бірге салдық - екеуіміз ақша салдық. Ол жобадан ақша таптым деп айта алмаймын. Әдемі "туынды", бірақ оған қатты тәнті болдым деп айта алмаймын. Артынша өзімнің үлесімді Феттахтың серіктесіне саттым. Сондықтан Қазақстанның кез келген тұрғынының көзіне тік қарай аламын. Ақша аударғанымнан жаным жай тапқандай. Мен ештеңені жария еткен жоқпын, оны менсіз біліп алған. Ол ақшаны аударғаныммен мұндай болады деп ойламадым. Мен Қазақстанға мүмкіндігім барда көмектескенімді білемін. Мүмкіндігің болмаса, сәйкесінше, көмектесе де алмайсың", - дейді кәсіпкер. 


Василий Анисимов. Жеке архивінен

Василий Анисимов ақшаны өзі жібергенін айтады. 

"Ешкім маған ешқандай кеңес берген жоқ, ешкім ештеңе сұраған жоқ. Мен тек жігіттерден (Forbes тізіміндегі кәсіпкерлерден - еск) олар қанша жібергенін сұрадым Олар 60 миллион доллардай жібергенін айтты. Мен 50 миллион доллар жібердім. Болды. Оны теңгеге шаққанда үлкен сома шықты. Былай да аз сома емес. Сондықтан мені жарнамалаудың қажеті жоқ", - дейді кәсіпкер.   

Еске салайық, 26 шілдеде "Қазақстан халқына" қорына хорватиялық азаматтан қомақты сома аударылғаны белгілі болды. Ол қорға 22,3 миллиард теңге аударған. 

Қорға қыруар қаржыны Алматы қаласының тумасы, қазір Хорватия азаматтығын алған ресейлік кәсіпкер Василий Анисимов берген. Кәсіпкердің  бірнеше алюминий зауыттары және алкоголь өндіретін кәсіпорындары бар. 2022 жылы Анисимов 1,6 миллиард доллар байлығымен Ресей Федерациясының ең бай кәсіпкерлері тізімінде 54-ші орынды иеленген. Анисимов 2010-2022 жылдар аралығында Ресей дзюдо федерациясын басқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!