"48 сағатта 70 миллион қолданушы". Жаңа желідегі белсенділік көпшіліктің назарын аудартты

Фото: Instagram / @threadsapp

Жаңа Threads әлеуметтік желісіне аз уақыт ішінде 70 миллионнан аса қолданушы тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Meta компаниясының директоры Марк Цукерберг айтты.

"Бүгінгі таңертеңгі жағдай бойынша Threads-те 70 миллион жазылушы. Біздің күткенімізден әлдеқайда асып түсті", - деді ол парақшасында екі күн бұрын.

 Post by @zuck
View on Threads

Айта кетейік, әлеуметтік желіде шағын посттар жазуға, оларға пікір білдіруге, лайк басуға және репост жасауға болады. Қолданба Instagram-ға негізделген және қолданушыларға бұрынғы парақшасы арқылы қосылуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова