Үй жағдайында тіс тазалаудың 7 әдісі

Үй жағдайында тіс тазалаудың 7 әдісі
Фото: pixabay

Әлеуметік желіде тісіңізді үйде ағартуға арналған түрлі рецептер бар. Бірақ олардың барлығы бірдей практикада жүзеге аспайды. Тіпті тісіңіздің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz  тілшісі lifehacker.ru саитына сілтеме жасап.

Сода немесе белсендірілген көмір көмегімен тазалау

Сода және белсендірілген көмір материалдарды өңдеуге арналған абразивтер сияқты жұмыс істейді. Олар қара дақтар мен тісжегін кетіреді. Бірақ бұл процесс өте ауыр және бақылаусыз болады. Бұл эмальды тоздырып, тісіңіз түрлі температура мен әртүрлі тағамдарға шыдамсыз бола бастайды.  

Кокос майының көмегімен тазалау

Кокос майының эмальдың түсіне әсер ететіні туралы ешқандай ғылыми дәлел жоқ. Көбінесе мұндай жағдайда майға сода қосылады. Алайда мұның әсері абразив секілді қатты болуы мүмкін.

Куркума көмегімен тазалау

Кейбір зерттеулер куркума ағзаға пайдалы екенін растайды. Бірақ көбінесе бұл өсімдік сабағы тістерден көрі ішке қолдануға арналған. Сондай-ақ, куркума сары түсті табиғи бояғыш ретінде қолданылады. Бірақ бұл әдіс сіз күткен нәтижені бермеуі мүмкін.  

Алма сірке суы немесе лимон шырынын қолдану арқылы тазалау

Ғылымда барлық қышқылдар эмальды зақымдайды. Нәтижесінде тістер тез сынғыш әрі сезімтал болады. Сондықтан кез келген кәсіби маман ағартқыш құралдарды пайдаланғанда тістегі минералдарды бұзбау үшін қышқылдарды қолданудан бас тартады.

Сутегінің асқын тотығының (перекис) көмегімен тазалау

Сутегінің асқын тотығы табиғи ағартқыш ретінде әрекет етеді және дақтарды шын мәнісінде ағартады. Әдетте тіс дәрігерлері тісін ағарту үшін мұны үй жағдайында жиі қолданады. Бірақ дәріханадан перокситті алып пайдалана алмайсыз. Себебі ол қызыл иекті тітіркендіреді және эмальды құрғатады.

Арнайы пасталардың көмегімен тазалау

Көп жағдайда абразивті әсер ететін пасталар эмальды зақымдайды, сондықтан оны көп пайдалануға болмайды. Бұдан бөлек қаіпсіз әрі тиімді ферменттер және басқа қосылыстармен дайындалған нұсқалар бар. Бірақ мұндай құралдардың да әсерін бірден байқай алмайсыз. Сондықтан ағартатын пастаны тіс дәрігерімен бірге таңдаған дұрыс.

Үйдегі ағартқыш жиынтықтардың көмегімен тазалау

Сутегінің асқын тотығынан бөлек үй жағдайында тазалуаға түссіз кристал карбамид кіреді. Оның перекистен айырмашылығы ол ақырын әсер етіп, қызыл иек тітіркенуінің алдын алады. Алайда тіс дәрігерінің нұсқауынсыз мұндай жиынтықтарға тапсырыс беруге болмайды. Себебі бұл әр адамға әртүрлі әсер етеді. Эмальдың бұзылуына әкеліп соқса қайта қалыпна келтіру қиын болады.

Пероксидтен басқа үй жиынтықтарына карбамид кіреді. Пероксидтен айырмашылығы, ол біртіндеп жұмыс істейді, сондықтан қызыл иекті аз тітіркендіреді және ұзақ жұмыс істейді. Бірақ сіз тіс дәрігеріңізбен талқыламайынша, мұндай жиынтықтарға өзіңіз тапсырыс бермеуіңіз керек. Композициялар әртүрлі, кейбіреулері эмальды бұзуы мүмкін. Оны қалпына келтіру өте қиын болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов