"Унитазға қарағанда 17 есе көп бактерия жиналады". Дәрігер төсек жабдығын қаншалықты жиі ауыстыру керегін айтты

"Унитазға қарағанда 17 есе көп бактерия жиналады". Дәрігер төсек жабдығын қаншалықты жиі ауыстыру керегін айтты
Фото: pixabay

Дәрігер төсек-орын жабдықтарын аптасына бір рет өзгертуге кеңес берді. Себебі адамның жатын орнында бактериялар өте көп. Мәселен бір ғана жастық қапшығында 3 миллионға жуық бактерия колониясы жиналуы мүмкін. Бұл дәретханаға қарағанда 17 есе көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап. 

Төсек - бұл біздің өміріміздің үштен бірін өткізетін орын. Адамдар төсекте тамақ жейді, кино көреді, кейде тіпті төсектен тұрмай жұмыс жасауы ықтимал. Алайда төсектің тек ыңғайлылығын ғана емес, оның адам денсаулығына тигізер зиянын ойлайтындардың қатары аз.

pixabay

Негізгі ережелердің бірі-төсек-орындарды уақытында ауыстыру. Сіздің теріңіздің, иммунитеттің және басқа дене жүйелерінің жағдайы осыған байланысты. Мысалы, тек жастық қапшығы - бактериялардың нағыз ошағы!

pixabay

Сөзіміз дәлелді болу үшін ғалымдардың экспериментін ұсынайық. Олар жуылмаған жастық қаптарын жинап, бактериялардың жетілуі үшін бір апта күтті. Осылайша олардан үлкен мөлшерде зиянды микроптар анықталды. Бір ғана адамның іш киімінде 3 миллионға дейін түрлі колониялар өмір сүре алатыны белгілі болды. Сонымен қатар, мақта және жібек жастық қаптары микроорганизмдерге толы болып шықты. 

" Төсекте жатқанда, төсек — орындарда өлі тері жасушалары (күніне шамамен 50 миллион), тер, косметика,кір, үй жануарларының жүні, тозаң және көше шаңы қалады", - дейді дерматолог Хадли Кинг.

pixabay

Төсек жабынында өсетін бактериялардың бір түрі - терінің және жұмсақ тіндердің инфекциясын тудыратын алтын түсті стафилококк. Ол бетте іріңді безеулердің пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сонымен қатар, ғалымдар бұдан да басқа қауіпті бактерияларды тапты:

  • көз инфекциясы;
  • эндокардит;
  • пневмония, менингит;
  • тірек-қимыл аппаратының инфекциясы.

Жастық қаптарындағы грам-позитивті кокктар токсикалық шок синдромына және антибиотиктерге төзімді басқа инфекцияларға әкелуі мүмкін.

pixabay

Сондықтан төсек-орындарды 7 күн сайын ауыстыруды ұмытпаған абзал.

Еске салайық, бұған дейін тоңазытқыштың бұзылуына әкелетін қателіктер жайлы жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов