"7 миллион теңге". Әсел Сәдуақасова сырға салу рәсімінен суреттер жариялады

"7 миллион теңге". Әсел Сәдуақасова сырға салу рәсімінен суреттер жариялады
Фото: .instagram.com/asselsadvakassova

Актриса Әсел Сәдуақасоваға сырға салынды. Актриса әлеуметтік желіде маңызды күннен суреттер жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңды некесін қиып, тойға дайындалып жүрген өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне сырға салынғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

"Сәлем, жандарым! Бүгін бізде маңызды күн - сырға салу. Құттықтауларыңызды қабылдаймын. Сырға салу рәсімі көңілді өтіп жатыр", - деп жазды Әсел Сәдуақасова.

Актрисаның Желіге жүктеген видеосынан қалыңдықтың қолынан екі жеңгесі демеп, құдағилардың алдына апарғанын көруге болады. Салт-дәстүрге сай күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың құлағына сырға салған.

Әсел Сәдуақасова оқырманына сырғасын да көрсетіп үлгерді. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, үлкен гауһар тастары бар сырғаның нарықтағы құны 15,500 доллар, яғни 7 миллион теңге. 

Айта кетейік, актриса Әсел Сәдуақасованың бұған дейін ерекше стильде қыз ойнақ өткізгенін жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы