Жеміс пен көкөністі сабынмен жууға бола ма? Диетолог жауабы

Жеміс пен көкөністі сабынмен жууға бола ма? Диетолог жауабы
Фото: youngliving.com

Жемістер мен көкөністерді жуу қажет, бірақ дәрігерлер қарапайым сабын немесе ыдыс жууға арналған жуғыш заттарды қолдануға кеңес бермейді. 

Жемістер мен көкөністерден жуу керек. Әйтпесе, денсаулығыңызға үлкен қауіп төндіресіз: зиянды бактериялар мен басқа микроорганизмдер өнімде болады.

Алма сияқты жемістерді жууға тырысқанда, кейбіреулер қарапайым сабынды пайдаланады. Диетолог Лиза Афинская өзінің телеграм-каналында неліктен мұның қате екенін түсіндірді.

Маманның айтуынша, көкөністер мен жемістерді қауіпсіз тазалау үшін сабын да, ыдыс жуатын құрал да жарамайды. Өйткені, сабын да, арнайы гель де өнім ішіне ене алады. Және бұл сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті.

Сонымен қатар, диетология және тамақтану кәсіпқой қауымдастығының мүшелері, Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы және АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының сарапшылары жемістер мен көкөністерді сабынмен жумау керегін ескертеді.

Өзіңізді қорғау үшін көкөністер мен жемістерді кәдімгі ағып тұрған сумен шайып тастау жеткілікті. Содан кейін оларды қағаз сүлгімен сүртуге болады.

Мамандар сыртын ашып жейтін жеміс-жидекті де жуу керегін айтады. Себебі оны ашып жатқанда, қабығынан бактериялардың өту қаупі жоғары.

Бірақ сарапшылар пісіру алдында оралған шикі тауық немесе күркетауықты жумау керегін айтады. Шикі еттен алынған бактериялар басқа тағамдарға, ыдыстарға, раковиналарға және ас үй шкафының беттеріне таралуы мүмкін. 60% жағдайда шикі құс етін жуған адамдарда ас үй раковинасында бактериялар табылғанын растайтын зерттеу бар. Оның үстіне, 14% жағдайда бактериялар раковинаны тазалағаннан кейін де қалады. Сондай-ақ тауық жұмыртқасын жуу ұсынылмайды.

Т. Раушанұлы