Сіз де осылай жасайсыз ба? Ауруға әкеп соғатын қауіпті әдет аталды

Сіз де осылай жасайсыз ба? Ауруға әкеп соғатын қауіпті әдет аталды
Фото: ru.freepik.com: @Drazen Zigic

Дұрыс тамақтанбау - аурулардың даму себептерінің бірі. Пайдалы тағамдарды жеуге тырыссаңыз да, қорқыныш қалуы мүмкін. Оның себебі көп таралған әдетке байланысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Өмір салты мен күнделікті әдеттер денсаулығымызға қатты әсер етеді. Адам энергияны тек тамақтан алады және бұл әртүрлі аурудың дамуына себеп болуы мүмкін. Таңғы асқа, түскі асқа және кешкі асқа не жейтініміз, диетамыздың қаншалық алуан түрлілігі адам денсаулығының көрсеткіші саналады. Сонымен қатар, ағзаға зиян келтіретін әдеттер бар.

Түскі ас қатесі

Егер кеңседен шықпай түскі ас ішсеңіз немесе үйде үзіліс кезінде жүрек жалғап, содан кейін қайтадан үстелге, компьютерге отырсаңыз, тұрмай жұмыс істей берсеңіз бұл - сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін үлкен қателік. Салмақ өседі, қандағы глюкоза айналады, әсіресе, түскі асқа гликемиялық индексі жоғары тағамдарды жесеңіз осындай жағдай болады. Нәтижесінде инсулинге төзімділіктің даму қаупі артады және бұл екінші типтегі қант диабетімен, жедел қартаюмен, созылмалы шаршаумен және тіпті онкологиялық аурулармен байланысты саналады.

Тамақты қорыту үшін уақыт қажет, ал бұл процесті тездету және жақсарту үшін түскі астан кейін отырмай, кем дегенде аз уақыт қозғалғаныңыз жөн. Ол үшін кеңседе жүруге, баспалдақпен көтеріліп-түсуге, тіпті тамақтанғаннан кейін біраз уақыт тұруға болады. Ғалымдар тамақтанғаннан кейін 2-3 минут ішінде жеңіл физикалық белсенділік болуы, мысалы, серуендеу қандағы қант деңгейіне жақсы әсер ететінін дәлелдеген.

Тамақтану туралы екі маңызды заң бар:

"Тамақтану ғылымының бірінші заңы: рационның энергетикалық құндылығы дененің энергия шығынына сәйкес келуі керек, яғни қанша калория алдыңыз, сонша жұмсауыңыз керек. Бұл тепе-теңдікті қатаң сақтау керек", - деді профессор Виктор Тутельян "Здоровое питание" басылымына.

Мысалы, орташа тортты (300 ккал) жағу үшін шамамен 5000 қадам (3-4 шақырым) жүру керек.

"Бұл рационның химиялық құрамының физиологиялық қажеттіліктерімізге сәйкестігі", - деп түсіндірді сарапшы екінші заң туралы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова