Жолда полиция тоқтатса білу керек 4 ереже

Жолда полиция тоқтатса білу керек 4 ереже
Фото: Тұрар Қазанғапов

Жол-патрульдік полициясы тоқтатқан кезде сіз не білуіңіз керек?  Бұл сұраққа заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлының айтуынша, сізді жол-патрульдік полициясы тоқтатқан болса, сіз мына нәрселерді білуіңіз керек:

1. Қызметкер көлікте отырған сізге келіп, өзін таныстырып, тоқтату себебін айтуға міндетті.

2. Полиция қызметкерінің қызметтік куәлігімен таныстыруын сұрап, құжаттағы аты-жөнінің сәйкестігін және куәліктің мерзімін тексереміз. Қызметтік куәліктің мерзімі өтіп кеткен болса, онда қойылып жатқан талаптар заңсыз болып есептелінеді.

3. Жол жүру ережесінің 54-бабына сәйкес қызметкердің әрекетін бейне құрылғыға түсіруге құқығыңыз бар.

4. Сіздің жол жүру ережесін бұзғаныңыз туралы түсірген арнайы құрылғымен танысуға құқығыңыз бар. Сондай-ақ қосымша құрылғы сертификатталған болуы тиіс.

"Кез келген автокөлік жүргізушісін ешқандай жол ережесін бұзбаған болса, жол жүру ережесінің 52-бабының 8-тармағына сәйкес себепсіз тоқтатуға ешкімнің құқығы жоқ", - деді заңгер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мухамедияр Дуйсенгали (@zanger_mukhamediar)

Сондай-ақ көлік тек фильмдерде емес, шынайы өмірде де өртеніп кетіп жатады. Өзіңізді және көлігіңізді мұндай қауіптен қорғау үшін оның мүмкін себептерін біле жүріңіз

А. Жапатова