Өлсем де кетпеймін: махаббатқа тәуелділік белгілері қандай?

Өлсем де кетпеймін: махаббатқа тәуелділік белгілері қандай?

Есірткіге тәуелді адам сияқты  махаббатқа тәуелді адам да өзін басқара алмайды. Сол себепті "ауру махаббаттың құрбаны" боп өмір сүреді. Тіпті, тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл тәуелділікті жоя алмайды. Оның белгілері қандай бірге білейік.

Жаныңыздағы серігіңіздің тұлғалық ерекшелігін мойындаймайсыз
Махаббатқа тәуелді адам өзінің қасынадғы адамға тұлға ретінде емес, көбіне өзінің қажеттілігі толықтыратын зат ретінде қарайды.  Серігі әдетте зат немесе функция сияқты нәрсеге айналады. Оның өзіне ұнамайтын тұстарын өзгертуге тырысады.

Бұндай жағдайда жайлы жылы қарым-қатынас туралы сөз болмайтыны анық. 

Бар өмірі — жұптық өмір
Адам серіктесімен қарым-қатынасқа абсолютті басымдық береді. Қалғаны — жұмыс, достар, хобби, отбасы келесі орындарға жайғасады. Тәуелді адам сүйіктісіне үнемі жақын болуға ұмтылады: өмірде, хат алмасуда, тіпті ойымен. Оның өмірі тек сол сүйген адамының өмірін негізінде құрылады, ал қалғаны өз маңызын жоғалтып, декорация ретінде өмір сүреді.

Өзін іштей қинайды, сонда да қарым-қатынастан бас тартпайды.
Тәуелді адам оның махаббатының болашағы жоқ екенін түсінеді. Ол өзінің құмарлық объектісімен жайлы қарым-қатынас жасай алмайтынын түсініп, өзін іштей азаптайды. Адаммен байланыс уақыты ұзарған сайын, бұндай күндер көп болатынын түсінсе де, шешім қабылдап, қарым-қатынасты тоқтатуға қауқарсыз болады.

Бәрі жақсы болады деп үміттенеді
Ол қарым-қатынастан үмітті болады. Бәрі жақсы болады деп сенеді. Тіпті аяусыз соққыдан кейін де "бәрі дұрысталады, әлі-ақ жақсы болып кетеді" деп сенумен болады. Бұл — махаббатқа тәуелді адамның белгілерінің бірі. 

Т. Есқали