Көп сөйлеу адамды ақымақ етеді.  Үнсіздік денсаулыққа несімен пайдалы?

Көп сөйлеу адамды ақымақ етеді.  Үнсіздік денсаулыққа несімен пайдалы?
Фото: work.u

Біздің қазіргі қоғамдағы адамдар үздіксіз ақпарат ағынында өмір сүреді. Әртүрлі бағдарламалар көреді және тыңдайды, өмірде және әлеуметтік желіде өзара тілдесіп жатады, жаңалықтар оқиды.

Жаңа деректердің мұндай көптігі жүйке жүйесіне үлкен күш салады. Сол себепті қоғамда шаршап жүрген адамды жиі байқауға болады. Мидың тынымсыз жұмысы жиі бас ауруына, ұйқысыздыққа және күйзеліске әкелуі мүмкін.

Күнделікті алатын ақпараттың басым өпшілігі жай шу, өйткені оның мәні жоқ. Сол себепті миға арасында детоксикация қажет.

Ол үшін барлық гаджетті (теледидар, телефон, компьютер) өшіріп, жай ғана үнсіз бір-екі сағат отырып ойлану керек.

Осының арқасында ми өзінің жағдайын түсініп немесе жай ғана ақпарат ағынынан үзіліс алады. Мұндай «үнсіз демалыстың» нақты шегі жоқ. Оның ұзақтығын әркім өзі таңдайды - біреуге жарты күн жеткілікті, ал біреуге апта қажет.

Ақылды арттыру үшін де жиі үнсіздікте болу керек. Бұндай шешімге  Джорджио медициналық колледжінің ғалымдары зерттеу жүргізу арқылы келген. Олардың мидың қандай күйде және қандай жағдайда ең жылдам дамитынын анықтаған. 

Интеллект коэффициентін арттыру, жаңа нейрондардың пайда болуы және нейрондық желілердің күрделілігі үшін миға тыныштық қажет екені белгілі болды.

Т. Есқали