Етеккір үзілісінің жақындағанын қалай білуге болады?

Етеккір үзілісі (менопауза, климакс) – әр әйел өмірінде болатын қалыпты кезең. Етеккір үзілісі жағымсыз белгілермен қатар жүреді. Гинеколог Екатерина Волкова оның жақындағанын қалай білуге болатынын айтты.

Климакс жиі 49-52 жас аралығында басталады. Бірақ қазір жастар арасында ерте климакс те кездеседі. Оның жақындағанын гинекологқа қаралып, анализдер тапсыру арқылы білуге болады. Алайда дәрігердің айтуынша, оны кей белгілер арқылы да анықтауға болады.

Гормонды жүйе климакстің алғашқы білінетін белгілері пайда болғанға дейін 2-3 жыл бұрын өзгере бастайды. Бұл процесс іске қосылған кезде әйелдің жыныстық гормондарының өшуін уақытында анықтау маңызды. Сол кезде етеккір үзілісінің дамуын уақытша кейінге шегеруге болады.

Етеккір үзілісінің жақындағанын мына белгілер білдіруі мүмкін:

1. Ауа жетпейді. Жеңілірек киім киіп, таза ауаға шыққыңыз келе береді;
2. Бас ауырады. Басыңыз ауырлап кеткендей, оны көтеру қиындай түскендей көрінеді;
3. Сүт бездеріндегі жағымсыз сезім;
4. Сүйікті істеріңізден шаршау;
5. Ісіну мазалайды;
6. Тұрақсыз артериялық қысым;
7. Майлы тері құрғақ болып кетеді;
8. Шаш бұрын болмаған жерде белсенді өсе бастайды. Мысалы, мұрт;

Маңызды: Бұл белгілер бұрын сізде болмаған болса ғана саналады.