Әйел адам оқуы тиіс табысқа жетелейтін 5 кітап

Әйел адам оқуы тиіс табысқа жетелейтін 5 кітап
Фото: envato.com

Барлық табысты (және бай) адамдар күніне кемінде 30 минут оқиды. Кітап оқу тек сергітіп қана қоймай, ойлау көкжиегін кеңейтеді. Сол себепті әрбір әйел адам оқуы тиіс табысқа жетелейтін 5 кітапты назарға ұсынамыз.

"#Girlboss. Как я создала миллионный бизнес, не имея денег, офиса и высшего образования" 
София Аморусо

Бұл кітап үрдістерді кезең-кезеңімен сипаттайтын бизнесті құруға арналған нұсқаулық әрі мотиватор. Автор бизнестің иесі болуы үшін біраз тер төкті, оқыды, жұмыс істеді, әрдайым өзгеріс үстінде  болды. София нағыз girlboss болуға қажетті дағдыларды жетілдіруге арналған  кеңестер береді.

"Никогда-нибудь. Как выйти из тупика и найти себя" 
Елена Резанова

Елена — мансап стратегиясының маманы. Бұл кітап бірнеше бөліктен тұрады. Әр бөлім мансап жолында жетістікке жетуге бағыт-бағдар береді. Кей адам “кешіккен өмір” сүріп жатқанын түсінбейді. Бір істі басу үшін ыңғайлы сәтті күтумен болады. Автор сол сәтте қандай шешім қабылдауға болатынын әрі одан қалай арылуға болатынын түсіндіреді.

"Хорошие девочки не получают больших денег и лучших мужчин!"
Карен Финерман

Карен Финерман банкте жұмыс істеп жүргенінде әйелдердің қалай өз мансабын, отбасын бүлдіргенін көрді. Ол бұны түсінбей, сырттай бақылып, түрлі шешімдерге келді. Бай болу үшін бай адамға тұрмысқа шығуыңыз керек деген пікірді естігенді тіпті түсінбейтін.  Карен кейін ірі инвестициялық қорды басқарады және төрт баланың анасы атанды. Бизнесте гендерлік теңсіздік болса да, ол жасқанбастан сол ортаға кірді.

"Работа твоей мечты. Как зарабатывать деньги, занимаясь любимым делом"
Барбара Шер

Барбара Шерді  жеті жыл бойы ол даяшы болып жұмыс істеді. Жалғызбасты ана екі баланы аяққа тұрғызу үшін барын салды.  44 жасында Барбара өзінің алғашқы кітабын шығарды ол әлемдік бестселлерге айналды. Жазушы басқаларға өзінің шынайы мақсатын табуға және бос үміттерді нағыз шындыққа айналдыруға көмектесе бастады.

"Не бойся действовать. Женщина, работа и воля к лидерству"
Шерил Сэндберг

Шерил Сандберг Google компаниясының бұрынғы вице-президенті, Starbucks және The Walt Disney Company директорлар кеңесінің мүшесі және 2008 жылдан бастап Facebook-тің операциялық директоры. Ол ірі компаниялардағы әйелдерге қатысты жазылмаған ережелерге қарсы шықты. Мейірімді болыңыз, әдемі болыңыз, бәріне ұнауға тырысыңыз, эмоцияларыңызды жасырыңыз және ең бастысы — амбицияңызды жасырыңыз! Осы қате кеңестердің барлығын Шерил Сандберг өткенге қалдыруды және оның орнына өз ұстанымын қорғауды, сын айтуды және қабылдауды, командамен жұмыс істеуді және көшбасшылықты үйренуді ұсынады.

Т. Есқали