Графикалық планешетті таңдау кезінде нені ескеру керек?

Графикалық планешетті таңдау кезінде нені ескеру керек?
Фото: https://elements.envato.com/

Графикалық планшет — диджитал өнер саласында қызмет ететін адамдардың жұмыс құрылғысы. Олардың қатарында дизайнер, иллюстратор, мультипликатор не сәулетші болуы мүмкін. Құрылғы сурет салу, сызбалармен жұмыс және суреттерді өңдеу үшін қажет. 

Графикалық планшетті таңдау кезінде алдымен неге назар аудару керек?

Түрі: Графикалық планшеттердің арнайы экрансыз (үстел үсті) және экранды түрлері (интерактивті) бар.  Олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Әрбір түрі түрлі тапсырмалар мен жұмыс тәсіліне арналған. 

Сонымен қатар, планшет-ноутбуктар бар. Олар — iPad және Samsung Galaxy түрлері. Оны да сурет салу үшін пайдалануға болады. M1 чипі және Liquid Retina XDR дисплейінің арқасында iPad Pro планшеті ноутбуктарды толықтай алмастырады. Samsung Galaxy Tab S7 FE таңдар кезде оның дисплейінің диагоналіне мән берген жөн.

Үстел үсті және интерактивті планшеттердің өзара айырмашылығына тоқталып кетейік.

Автономды қызмет: Не салып жатқаныңызды көру үшін экрансыз планшет компьютерге немесе смартфонға қосылуы керек. Экраны бар планшетті кез келген жерде қолдануға болады. 

Сурет салу әдісі: Жаңадан бастаған адамға экрансыз планшетте сурет салуды үйрену үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Қолданушы стилуспен қатар қолын жылжытуға дағдылануы керек. Оның үстіне адамның бар назары мониторда болады.

Қолдану мерзімі: Экрансыз планшеттер интерактивтіге қарағанда шыдамдырақ. Олардың сынып кетуі мүмкін бөліктері аз. Сенсорлық экраны бар құрылғылардың уақыт өте сезімталдығы азаяды.

Бағасы: Экраны бар графикалық планшеттер өлшемдеріне байланысты жұмыс үстелі планшеттерінен 2-3 есе қымбат болуы мүмкін.

Белсенді аумақ өлшемі
Планшет өлшемін таңдағанда, ең алдымен сурет салуға арналған сезімтал кеңістіктің өлшемін басшылыққа алыңыз. Әдетте бұл қағаз парақтарының форматтарына сәйкес келеді: A6, A5 және A4. A6 айналасындағы өлшемді атаудағы S әрпі немесе "Small" сөзбен, A5 - M немесе "Medium", A4 - L немесе "Large" сөзімен көрсетуге болады.

Экрансыз графикалық планшеттер

Шағын және портативті: Huion Inspiroy H640P
Жұмыс аймағының өлшемі 160 × 100 мм (шамамен A6 парағы сияқты).
Габариттік өлшемдері: 260×147,7×8 мм.
Ажыратымдылық - 5080 LPI.
Жауап беру жылдамдығы 233 PPS құрайды.
Қысымға сезімталдық - 8192 деңгей.
USB арқылы компьютерге қосылады.
Windows 7 немесе одан жоғары, macOS 10.11 немесе одан жоғары, Android 6.0 немесе одан жоғары нұсқалармен үйлесімді.
Салмағы – 277 грамм.
Стилус сымсыз және зарядтауды қажет етпейді.

Кез келген жұмыс үстеліне сәйкес келеді: Wacom Intuos M Bluetooth
Жұмыс аймағының өлшемі 216 × 135 мм (шамамен A5 парағы сияқты).
Габариттік өлшемдері: 264×200×8,8 мм.
Ажыратымдылық - 2540 LPI.
Жауап беру жылдамдығы 133 PPS құрайды.
Қысымға сезімталдық - 4096 деңгей.
Компьютерге Bluetooth арқылы сымсыз қосылым және зарядтау үшін USB арқылы сымды.
Windows және macOS жүйелерімен үйлесімді.
Салмағы – 285 грамм.
Корпустағы қосымша батырмалары бар стилус, сымсыз, зарядтауды қажет етпейді.

Үлкен мониторға қосылу үшін үлкен: XP-Pen Deco LW
Жұмыс аймағының өлшемі 254 × 152 мм (A5 парағынан сәл үлкенірек).
Габариттік өлшемдері: 315×187×8,8 мм.
Ажыратымдылық - 5080 LPI.
Жауап беру жылдамдығы 200 PPS дейін.
Қысымға сезімталдық - 8192 деңгей.
Компьютерге Bluetooth арқылы сымсыз қосылады. Қуаттау үшін USB сымы қолданалады.
Windows 7 және одан жоғары, macOS 10.10 және одан жоғары, Android 6.0 және одан жоғары, Chrome OS 88 және одан жоғары, Linux жүйелерімен бірлесе қиындықсыз жұмыс істейді.
Салмағы - 820 грамм.
Стилус сымсыз және қуаттауды қажет етпейді.

Экранды графикалық планшеттер

Кішкентай: ViewSonic ViewBoard 7'
Жұмыс аймағының өлшемі 154 × 85 мм (шамамен A6 парағы сияқты).
Габариттік өлшемдері: 212,1×141,1×21,8 мм.
Ажыратымдылық – 5080 LPI, дисплей өлшемі - 1024 × 600 пиксель.
Жауап беру жылдамдығы – 250 PPS.
Қысымға сезімталдық – 8192 деңгей.
Қуаттандыруға арналған USB-A бар.
Windows 7 және одан жоғары, macOS 10.15 және одан жоғары нұсқалармен бірлесе жұмыс істейді.
Салмағы – 590 грамм
Стилус толығымен қуатсыз жұмыс істейді, ол тікелей планшеттің бетінен қуат алады.

Орташа: XP-Pen Artist 12 Gen 2
Жұмыс аймағының өлшемі 263 × 148 мм (A5-тен сәл үлкен).
Габариттік өлшемдері – 346,2 × 209 × 12 мм.
Ажыратымдылық – 5080 LPI, дисплей рұқсаты - 1920 × 1080 пиксель.
Жауап беру жылдамдығы 200 PPS дейін.
Қысымға сезімталдық – 8192 деңгей.
Қуатқа арналған сымды USB 
Windows 7 және одан жоғары, MacOS 10.10 және одан жоғары, Android USB3.1 DP1.2, Chrome OS 88 және одан жоғары, Linux жүйелерімен үйлесімді.
Салмағы – 820 грамм.
Стилус сымсыз және қуаттандыруды қажет етпейді.

Үлкен: Wacom One Creative Pen дисплейі
Жұмыс аймағының өлшемі 294 × 166 мм (А4).
Габариттік өлшемдері - 225 × 357 × 14,6 мм.
Ажыратымдылық – 2540 LPI, дисплей рұқсаты – 1920 × 1080 пиксель.
Жауап беру жылдамдығы – 266 PPS.
Қысымға сезімталдық – 4096 деңгей.
Қуат көзіне сымды қосылу.
Windows 7 және одан жоғары, macOS 10.13 және одан жоғары, Android жүйелерімен бірге жұмыс істейді.
Салмағы – 1 кг.
Стилус сымсыз және қуаттандыруды қажет етпейді.

Қандай графикалық планшетті қолданасыз?

Т. Есқали