Ыстық күні істеуге болмайтын 5 нәрсе

Ыстық күні істеуге болмайтын 5 нәрсе
Фото: twenty20photos

Күн ыстық болған сайын шөлді басудың түрлі жолын іздей бастаймыз. Кей күнделікті әдетіміз ыстық күні қауіпті болуы мүмкін. Температура жоғары болған кезде істеуге болмайтын 5 нәрсені ұсынамыз. 

1. Газды сусын ішу
Жазды күндері газды, алкогольсіз сусындарды тоңазытқышқа толтырып қоямыз. Дегенмен олар шөлді баспайды.Қант қанға түскенде, ағзадағы тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін су сыртқа шығады. Кейін бауырда FGF21(гепатокин) гормонының өндірісі басталады, содан кейін ол гипоталамусқа жіберіледі және ағза шөлдей бастайды. Ал сусындардағы қант алмастырғыштар қанға өте тез сіңетіндіктен, 5-10 минуттан кейін сіз қайтадан шөлде бастайсыз.

Негізінде, артық салмақ қосып алу қаупінен басқа алаңдайтын ештеңе жоқ. Бірақ денеңізде сусызданған болса, жағдай ушығып кетуі мүмкін. Қантты сусындармен ағзадағы судың реттілігін қалпына келтіруге тырысу тек сұйықтықтың жетіспеушілігін арттырады және бүйрекке зиян келтіреді.

Қант қосылған сусын электролиттік тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін де пайдасыз: оның құрамында гипонатриемиядан қорғану үшін қажетті мөлшерден 7,5 есе аз натрий және шамамен бірдей есе көп глюкоза бар. 

2. Суды пластик бөтелкелерде сақтау
Пластикалық бөтелкелер полиэтилентерефталат (ПЭТ) немесе поликарбонаттан жасалған. Қыздырған кезде екі материал да шығады, ал ПЭТ сонымен қатар сүрме шығарады. Бірінші зат эстроген әсеріне ие және ағзадағы гормоналды теңдікті бұзуы мүмкін, екіншісі улы микроэлемент және ықтимал канцероген болып саналады.

Дегенмен, бөтелкелер зиянды заттар бөле бастау үшін шынымен жоғары температура қажет. Мысалы, жабық көлікте, гаражда немесе әсіресе ыстық күні күн астында қалған кезде қолданбағаныңыз жөн. 

3. Қоспалар мен дәрумендерді ас үйде немесе ваннада сақтау
Вашингтон университетінің фармацевтика кафедрасының доценті Скай МакКеннон (Skye McKennon) The New York Times басылымындағы мақаласында ыстық күн дәрілерге қалай әсер етітін жазған.  

Жоғары температурада аспирин қауіпті болады, гидрокортизон жақпамайы да өз әсерін жоғалтады. Ауызға арналған контрацептивтер мен қалқанша безіне қарсы препараттар, соның ішінде гормонды дәрілер жарамсыз болып қалады.

МакКеннон инсулинді, антикоагулянттарды және антиконвульсанттарды сақтауға ерекше назар аударуға кеңес береді. Өйткені олардың құрамындағы белсенді заттардың аз мөлшердегі өзгерісі ағзаға үлкен зиян тигізеді.  

Температура ғана емес, ылғалдылық та жоғары болса, С дәруменінің қоспалары және В дәруменінің кейбір түрлері нашарлауы мүмкін. Мұндай қоспалар адамға аса зиянын тигізбейді, бірақ пайдасы да болмайды. 

ДДҰ дәрі-дәрмектерді 25 градустан төмен температурада сақтауға кеңес береді, ал егер бөлме жылы болса, оларды тоңазытқышқа салыңыз. 

4. Бұлшық ет құрысқаннан кейін жаттығуды жалғастыру
Ыстық ауа-райында жаттығу кезінде бұлшықеттердің ауырсынуы жиі байқалады. Кейде құрысып қалып, біраз демалуға тура келеді. Бірақ  көп адам ауырсыну басылғаннан кейін жаттығуды жалғастыра береді.  

Бұлшық еттің құрысуы дененің қатты қызып кеткенінің алғашқы белгісі болуы мүмкін. Бұндай жағдайда дене температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, жүрек айнуы мен құсу, бас айналу және бас ауруы, сананың шатасуы пайда болып, жағдай ушығуы әбден мүмкін.

5. Алкоголь өнімдерін пайдалану
Алкоголь өнімдері денедегі суды сақтайтын гормон вазопрессиннің бөлінуін төмендетеді. Бұл гормонның мөлшерін азайту арқылы алкоголь диуретикалық әсер тудырады, сондықтан сіз дәретханаға жиі бара бастайсыз. 

Ыстық күні тер жиі бөлінетіндіктен, ағзадағы судың тепе-теңдігі бұзылып, ағзаңыз шөлдей бастайды. Отырыстарды алкогольсіз өтіргізе алмайтын болсаңыз, сол күні суды да әдеттегіден көбірек ішуге тырысыңыз. 

Т. Есқали