Шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынатын сайттар

Кәсіби біліктілікті арттыру үшін кейде түрлі мемлекетте қызмет ету керек болады. Бірақ шетелге шығу әрі жұмыс табу оңай емес. Ең оңтайлы шешім – арнайы компаниялар мен бағдарламалар арқылы тағылымдамадан өту. Бүгін назарыңызға шетелде кәсіби тағылымдама бағдарламаларын ұсынатын сайттар тізімін ұсынамыз. 

Internships
Түрлі салада, соның ішінде инженерия, IT, дизайн, бизнес және қаржы салалары бойынша АҚШ-та тағылымдамадан өтуге мүмкіндік аласыз. Бағдарламалардың арасында бакалаврларға арналған (екінші курстан бастап), магистранттар (екі жыл) және түлектерге арналған түрлері бар. Компанияларға өтініш жіберу үшін сайтқа тіркелу керек. 

WayUp
Ақысы төленетін тағылымдамалар және америкалық университеттердің студенттері мен түлектеріне арналған жұмыс ұсынатын сайт. Сайт білім деңгейіңізді, мамандығыңызды және сіздің қалауыңызды ескере отырып, арнайы тағылымдама бағдарламарын ұсынады. Компанияларға өтінішті сайттан тікелей жібере аласыз. 

EurActiv Jobs
Қаржы, маркетинг және басқару салалары бойынша Еуропа мемлекеттерінде тағылымдамадан өтуге не жұмыс табуға арналған сайт. Бакалавр және магистранттарға арналған ұсыныстар да бар. Компанияларға өтінім жіберу үшін тіркелудің қажеті жоқ, барлық байланыс құралдары қолжетімді. 

EuroBrussels
Еуроодақ мемлекеттік құрылымдарындағы және сонымен байланысты компаниялардан тағылымдадан өтуді ұсынады. Сайтта заң, экономика және басқару саласындағы студенттер үшін төленетін және тегін тағылымдамалар көрсетілген. Кейбірі бакалавриаттың екінші курсынан бастап қабылдайды. Өтінішпен бірге түйіндеме, ілеспе хат және ұсыныс хат талап етіледі. 

Idealist
Адам құқығын қорғау, әлем бойынша кедейлікпен күресу және экологияны қорғау бойынша тағылымдама бағдарламаларын ұсынады. Соның ішінде АҚШ, Азия және Африка елдерінен ұсыныстар көп. Көптеген компаниялар студенттерді тұрғын үй, тамақ, сақтандырумен қамтамасыз етеді немесе шәкіртақы төлейді.  

Human Rights Careers
Адам құқығын қорғау саласы бойынша тағылымдамаларды ұсынатын тағы бір сайт. Тағылымдалардың басым бөлігі Африка және Оңтүстік Азия мемлекеттерінде өтеді. Студенттердің тәжірибесін БҰҰ немесе Қызыл Крест сынды ірі құқық қорғау ұйымдары ұйымдастырып, ақысын өтейді.  

Ал сіз қандай сайттарды білесіз?