285 миллиард теңге жұмсалып, 14 мың қонақ келді: Азиядағы ең бай адамның ұлының тойында қызмет еткен аспаз

Азиядағы ең бай адам Мукеш Амбанидің кенже ұлы Анант Амбани отау құрды. 285 миллиард теңге ақша жұмсалған тойға Болливуд жұлдыздары, ірі кәсіпкерлер мен әлемге танымал адамдар шақырылған. Тіпті той үшін Мумбайдың бір ауданы 3 күнге жабылған. Massaget.kz тілшісі мерекенің басқа да қызықтары туралы тойда қызмет атқарған аспазбен сұхбаттасты. 

Қазақстаннан барған аспаз (қауіпсіздік мақсатында аты-жөнін атамауды ұйғарды - еск.) тойда үстел үстіне бірде-бір ішімдік қойылмағанын, той тұтасымен вегетериан стильде өткенін айтты. 

Қазақ 30 күн ойын, 40 күн тойын өткізсе, үндістер де тойға ерекше ықыласпен қарап, келген әр қонаққа ілтипатпен қарап, қолын бос жібермейді. Әлем назарын аударған 3 күнге созылған бұл той 12 шілдеде  басталып, 14 шілде аяқталды. 

Алдымен күйеу жігіт Анант Амбани мен оның туыстарының дәстүрлі шеруі өтті. Индияда бұл дәстүр Бараат деп аталады. Одан кейін Джаймала рәсімі өтті. Бұл - сахнада тұрған күйеу жігітке қалыңдықтың келуі. Қалыңдық бірінші образына таспен көмкерілген алтын түстес көйлек таңдаған. 

@trendingreactions1 Anant_ambani_wedding_💓___Radhika_merchant_💕_#ambani_#shorts_#radhikamerchant_#viral #hollywood #viralvideo #ambaniwedding #weddingvideos #fouryoupage #dance #meakup #trend#kareenakapoor #shahrukhkhan #punjabisong #punjabisong #salmankhan #weddingtiktok #romanticsong__ #fouryou #diljitdosanjh @TikTok @TikTok Tips @TiktokPakistanOfficial#salmankhan #bhaibhai #bhaijaan #srk #srkfan #shahrukhkhan #amirkhan #katrinakaif #ranbirkapoor #ranveersingh #aishwaryarai #hrithikroshan #hritikroshan #tigershroff #akshaykumar #kapilsharma #kapilsharmashow #mr_faisu_07 #alluarjun #alluarjunfanclub #prabhas #Prabhas #bollywood #bollywoodsong #trending #trendingsong #viral #viraltiktok #trend #arijitsingh #msdhoni_lover #MsDhoni #viratkohli #viratkholi #babarazam #ronaldo #messi #therock #hollywood #fashion #fashiontiktok #foryou #foryoupage #fyb #deartiktokteamdontunderviewmyvideos #goviral #plzsupport #plzunfrezemyaccount #usa #usa_tiktok #uk #ukcomedy #ukfashion #usafashion #dubai #dubai🇦🇪 #prince #pakistan #pakistantiktok #tiktokindia #tiktok_india #tiktok ♬ Dekhha Tenu (From "Mr. And Mrs. Mahi") - Mohammad Faiz & Jaani

"Менің білуімше, бірінші күні тойда қызмет атқарған адамдардың саны 3 мыңнан асты. Оның ішінде әр елден келген дыбыс, жарық реттеушілері, әрлеушілер, әр ел тағамдарын дайындайтын аспаздар, флористер, күзет болды. Барлығы өз жұмысын жоғары дәрежеде атқарып шықты", - деді ол. 

Той рәсімі Jio World көрме залында өтті. Бұл жер гүлмен, гүлді жануарлармен әрленген. Кейбір БАҚ мәліметінше, олардың әрқайсысын жасау үшін 100 мыңдай гүл қажет болған. 

@jenny2024rai #wedding ♬ оригинальный звук - Jenny Rai

Тойда қандай қонақтар болды?

Келесі күні Амбанилер даналық, сұлулық және білім құдайы Сарасватиге пуджа (ғибадат ету рәсімі - еск.) жасады. Бұл рәсімге 14 мыңға жуық адам қатысқан.

"Жалпы той залының әрлеуіне 100-ден 80 қояр едім. Бұдан да әдемі әрленген тойларда қызмет еттік. Бірақ ең қызығарлығы - қонақтар тізімі. Бұл тұлғалар кез келген іс-шараға бара бермейді. Менің топ үштігім: Samsung басшысы, зергер Лоран Шварц пен FIFA басшысы. Бұдан басқа, Гаутам Аданиді де қосқым келіп тұр. Қателеспесем, оның байлығы қазір Амбаниден де асып түседі. Тойда Ким Кардашьян да болды. Бірақ ол ұзақ болмай кетіп қалды. Той кешкі 8-ге дейін өтті. Кейін афтэпати (бейресми кеш - еск.) болды. Тойда трансляция жүргізіліп, тікелей эфирден көрсетілді. Болливудтың ең танымал жұлдыздары қонақтарды қарсы алып шауып жүргенін көрдім. Бұл - ғасыр тойы, мұнда келу - алтын балық аулаумен тең, рейтинг көтеріп алудың амалы. Кей Болливуд жұлдыздарын тіпті танымай қалдым", - дейді кейіпкер. 

FIFA президенті Джанни Инфантино жұбайы Лина Аль Ашгар және қыздары Шаная Серена, Алессия, Сабрина және Далия Нора. Фото Francis Mascarenhas/Reuters

Ким және Хлоя Кардашьяндар 

Бұдан басқа, қонақтар арасында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері Тони Блэр мен Борис Джонсон, Бекхэм отбасы, Джон Сина, актер Ник Джонас, актриса Приянка Чопра, стилист Лоу Роуч, сәнгер Прабал Гурунг, рэпер Рема және Болливуд жұлдыздары болған. 

Тойда кім өнер көрсетті?

Vanity Fair басылымының мәліметінше, тойда диджей Дэвид Гетта, The Backstreet Boys, Кэти Перри, Pitbull өнер көрсеткен. 

Оның айтуынша, бұл той үшін 3 күн бойы Мумбайдың бір ауданы жабылып, полиция қаланы ерекше бақылауға алған.  

"Мумбайды кез келген адам жаба алмайды ғой. Демек, бұл отбасының беделі мықты. Тағы бір қызығы, бұл отбасы қайырымдылықпен көп айналысады. Олар - тойымсыз байлар емес. "Тек ішіп-жеуді ғана біледі" деген қате пікір, бұл отбасы қолынан келгенше кедей Индияға көмек қолын созып жүр", - деді аспаз. 

Тойбастар немесе басқа да сыйлықтар

@jewelswithjules

One of the coolest parts of the wedding- they built out an entire world inside the venue. Lassi Shop, Polki Shop, Chai Store, Antique Shop, etc. An entire world !! It was like being a kid in Disney World. 🇮🇳💎🤯

♬ original sound - Jewels With Jules

"Тойға кеңістікті дайындағандар арнайы базар ойластырған. Оның ішінде кез келген адам өзіне иіссу жасап, түрлі әшекей сатып алуға, тіпті сағыз толған арнайы үстел болды", - дейді аспаз. 

Үйлену той қонақтарын Мумбайға тасымалдау үшін үш жеке Falcon 2000 ұшағы әзірленген.

Мұнымен қызық біткен жоқ. Мереке алдында той иелері әр қонаққа құны 8 мың долларға (шамамен 3,8 миллион теңге) тең келетін шақырту жіберген. 

@world_entertainment10 Anant Ambani and Radhika Merchant - Wedding invite #anantambani #radhikamerchant #fyp #uk #usa #foryoupage #10k ♬ original sound - World_Entertainment10

Күйеу жігіт, 29 жастағы Анант Амбани - үнді миллиардері, Reliance Anil Dhirubhai Ambani Group конгломератының иесі Мукеш Амбанидің кенже ұлы, оның байлығы 123,9 миллиард долларға бағаланған. Амбани - Азиядағы ең бай адам және Forbes-тің әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 11-ші орынға жайғасқан. Қалыңдық, 29 жастағы Радхика Мерчант - үнді миллиардерлердің бірінің қызы, Encore Healthcare фармацевтикалық компаниясының басшысы. 

Ал бұл қалыңдықтың салтанатта киген образдары. 

Айта кетейік, бұған дейін 1 наурызда әлемнің түкпір-түкпіріндегі бай адамдар, мемлекет басшылары, Голливуд пен Болливуд жұлдыздары Үндістанның шағын Джамнагар қаласына жиналған еді. Олар миллиардер, өнеркәсіп иесі Мукеш Амбанидің кенже ұлының үйлену тойына байланысты жайылған дастарханның қонағы болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!