- Негізгі бет
- LifeStyle
- 2024 жылы қазақстандықтар...
2024 жылы қазақстандықтар Конституция күніне қанша күн демалады?
Тамыз айында қазақстандықтарды Конституция күніне орай демалыс күтіп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні саналады. Қазақстандықтар жыл сайын 30 тамыз күні демалады.
2024 жылдың тамыз айындағы демалыс кестесі:
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күніне берілетін қосымша демалыс 3 күн қатарынан демалуға мүмкіндік береді. Осылайша, қазақстандықтар жұма - 30 тамыз, сенбі - 31 тамыз және жексенбі - 1 қыркүйекте демалады. Тамызда барлығы 10 демалыс күні бар.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де жұма күні, 30 тамызда демалады. Алайда 31 тамыз жұмысқа шығады. содан кейін 1 қыркүйек қайтадан демалады. Осылайша, аптасына 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тамыз айында 5 күн демала алады.
massaget.kz
Еске салайық, 2025 жылы Қазақстанда жаңа мереке тойланады. Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке "23 сәуір - Ұлттық кітап күні" бекітілді.
Оқи отырыңыз: Демалыс күндері демалуға кедергі келтіретін 7 қателік
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова