"Бір көрсем арманым болмас еді ғой". Тоқтар Серіков жантебірентер жазба жариялады

"Бір көрсем арманым болмас еді ғой". Тоқтар Серіков жантебірентер жазба жариялады
Фото: instagram.com/toktar.serikov?

Танымал әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм анасына арнап жантебірентер жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші жақында ауылына барып қайтқанын айтып, ол жақта өзі сағынып баратын жандардың болмағанына қынжылды.

"Ауылға барып қайттым. Сол баяғы қалпында тұр. Тек мен сағынып баратын адамдардың табылмағаны болмаса. Алтындарым-ай, бір көрсем арманым болмас еді ғой. Анашымның жалғыз бауыры Нұрат нағашыма амандасып қайттым. Нағашымда қарттықтың кемесіне мініп алыпты, түскісі жоқ. Анамды көргендей искеп мауқымды басқан болдым. Амандығыңды тілеймін алладан нағашы", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә