Олимпиада - 2024. Неліктен бәрі Моңғолияның формасына қызығып жатыр?

Олимпиада - 2024. Неліктен бәрі Моңғолияның формасына қызығып жатыр?
Фото: instagram.com/michelamazonka

Желіде Моңғолия қатысушыларының Олимпиадаға киетін спорттық киімі тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жылы Жазғы Олимпиада Парижде өтеді. Олимпиада 26 шілде басталып, 11 тамызға дейін созылады. Әзірге көрермендер әр елдің қатысушыларының формасын мұқият қарап жатыр. Себебі форма - қатысушылардың визит картасы. Сондықтан костюмдер спортшының қай елден келгенін және сол елдің мәдениетін көрсете алуы тиіс. 

instagram.com/michelamazonka

Көпшіліктің көзі Моңғолияның формасына түсті. Моңғолия спортшыларының Олимпиадаға киетін киімінің дизайнын Michel & Amazonka бренді жасаған. Алау, Париждегі қазіргі ойындардың эмблемасы, күн мен ай алтын жіптермен кестеленген.

Michel & Amazonka брендінің негізін қалаушы әпкелі-сіңлі - Мишель Чойгаалаа және Амазонка Чойгаалаа. Бренд моңғол дәстүрлері мен мәдениетін заманауи стильге келтіріп шығарады. Олар 2022 жылы Бейжіңде өткен Қысқы Олимпиада ойындары мен 2020 жылы Токиода өткен Жазғы Олимпиада ойындарына да Моңғолия құрамасының формасын тіккен. Ол кезде Моңғолия спортшылары бір күміс, үш қола медаль әкелді.


instagram.com/michelamazonka

Моңғолия формасының бұл суреттері желіде тарап кетті және миллиондаған қаралым жинады. Оқырмандар дизайнерлердің шығармашылық жұмысын жоғары бағалады.

Ал Қазақстан намысын қорғайтын құрама команда мүшелерінің спорт киімі қандай? Дизайнері кім және ол қалай таңдалды? Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова