"Мамаңыз ұрсатын болды ғой". Айсәуле Бақытбектің жаңалығы оқырмандарын алаңдатты

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"1+1=5 болады... Құттықтауларыңызға рахмет! Соңында ештеңені жасырмай, эмоцияларым мен ойларыммен қайта бөлісе аламын", - деп жазған Айсәуле Бақытбек жақында өмірге үшінші сәбиін әкелетінін айтып, арнайы фотосессиядан контент жариялады. 

Әлеуметтік желідегі оқырмандар бұл жаңалыққа түрлі пікір білдіріп жатыр. Оқырманның бірі "Мамаңыз ұрсатын болды ғой" десе, енді бірі "Баян Мақсатқызы бұлай тез әрі үш рет әже боламын деп ойламаған шығар" деп жазды. 

"Үшіншісі ұл болсын" деген тілектерден көпшілікті әлі өмірге келмеген сәбидің жынысы қызықтыратынын байқауға болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!