Мадина Садуақасованың көлік сыйлаған баласы көз жасына ерік берді

Мадина Садуақасованың көлік сыйлаған баласы көз жасына ерік берді
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Танымал әнші Мадина Садуақасованың жақында ғана су жаңа көлік сыйлаған ұлы көзіне жас алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Мадина Садуақасова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Әншінің ұлының көзіне жас алуына жаңадан алған көлігі емес, бүгінгі футбол матчы себеп болған екен. 

Еуропа чемпионатының финалын ұлымен бірге тамашалаған Мадина Садуақасова: "Ануар - Англияның жанкүйері" деп баласының футболды асқан қызығушылықпен қарап отырғанын жариялаған еді.

Матч аяқталған соң, "Англияның жанкүйерлері көз жасын жасырмауда" деп ұлының жылағысы келіп отырған видеосымен бөліскен. 

Футболдың финалы Мадина Садуақасовның ұлын ғана емес, басқа да көптеген жанкүйерді жылатқан сияқты. 

 

 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина