"Ешкіммен ұрысып, таласып өмір сүргім келмейді". Ерке Есмахан оқырмандарына мәлімдеме жасады

"Ешкіммен ұрысып, таласып өмір сүргім келмейді". Ерке Есмахан оқырмандарына мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан инстаграм-парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Әнші өзін көре алмайтындарды бұғаттайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен парақшамда өзіме және басқаға сөз тигізгендерді блокқа жіберемін. Сондай-ақ жазбасқа амалы болмай, бірақ бұғаттап тастайды деп қорқып, астарлап тиісіп жазатындарды да блокқа жіберемін. Адамның ниетін сеземін. Фейктен ішіндегі зарын жазатындарды да бұғаттаймын.

Менің әлемімде өнерді, білімді, әдемілікті, стильді, эстетиканы және әрине махаббатты түсінетін аз ғана адам болса, сол маған жеткілікті. Ешкіммен ұрысып, таласып, біреуге бірдеңе дәлелдеп өмір сүргім келмейді. Менде үйлесімділік", - деп жазды Ерке Есмахан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова