"Сырты бүтін, іші түтін". Баян Алагөзованың жаңа фотосы көпшіліктің пікірін екіге бөлді

Қазақстандық продюсер, актриса Баян Алагөзова Instagram-дағы парақшасында жаңа фотоларын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсер жағажайда шомылу киімімен түскен бірнеше фотосын жүктеді. Ол бұл жазбасында Түркияның туын көрсеткен.

Баян Алагөзованың бұл жазбасына көпшілік жақсы пікір жазған. 

"Кім не десе, о десін, бірақ осы кісінікі дұрыс", "18 дегі қыздай әлі, алға, Баяшка, жарайсың!, "Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет", "Негативті іші тар, біреудің сұлулығын көре алмайтын адам жазады", "Машаллах, Алла сені жаман көзден сақтасын, сұлусың, жаным" деп жазып жатыр Желі қолданушылары.

Алайда арасында "Сырты бүтін, іші түтін, "Ана деген бала үшін өмір сүреді. Мен бұл әйелден аналық сезім көріп тұрған жоқпын!" деп жазғандары да бар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!