"Қалай сыйысып жатқанбыз?" Сырымбек Тау балалық шағы өткен үйін көрсетті 

"Қалай сыйысып жатқанбыз?" Сырымбек Тау балалық шағы өткен үйін көрсетті 
Фото: instagram.com/syrymbek_tau

Танымал кәсіпкер Сырымбек Тау балалық шағы өткен үйін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Үй Моңғолиядағы Баян-Өлкеде екен. 

"Әке-шешеміз 7 баланы бағып-қағып өсірген үйге келдік. Әрине, ұшқан ұяң ыстық. Үйді көрдік, сол қалпы. 1987 жылғы салынған құрылыс, ішінде кей заттар сол қалпында тұр. Қалай сыйысып жатқанбыз. Балалық шақты еске алдық. Мына жерде алты адам болып жататынбыз. Сол кезде мына 15 шаршы метр бөлме маған 50 шаршы метр болып елестейтін", - дейді кәсіпкер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сырымбек Тау (@syrymbek_tau)

Желі қолданушылары кәсіпкердің видеосына тәнті болып, балалық шаққа саяхат жасап келгендей болғанын айтты. 

"Бұл үйден кішкентай төбелер Тау болып шықты десей!" "Балалық шаққа бір барып қайтқан екенсіз, күшті, керемет, адам бір жасап қалады", "Керемет сезімдер ғой, балалық шағыңызды еске түсіріп жүрсіздер", "Балалық шаққа қайта оралып, бәрін еске түсіріп сезінген бөлек қой, шіркін", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек