Фастфудты аптасына бір рет қана жесе, ағзада не болады?

Фастфудты тым көп жеу денсаулыққа зиян екені бәрімізге белгілі. Өйткені жылдам қорытылатын көмірсулар ерте ме кеш пе семіздікке әкеп соқтырады. Ал егер фастфудты аптасына бір рет қана жесе, ағзада не болады? Бұл сұраққа медицина ғылымдарының докторы Ана Рейсдорф жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Parade" сілтеме жасап.

"Дені сау адамдардың көпшілігі үшін, егер олар дұрыс тамақтанатын және физикалық белсенді болатын болса, аптасына бір рет фастфуд жеу үлкен қауіп төндірмеуі мүмкін. Ал егер жеген тағамыңыз аз мөлшерде және дұрыс таңдалған болса, тіптен жақсы", - деп түсіндірді Ана Рейсдорф.

Яғни, реакция жеке адамға байланысты. Жоғары қысым мен бүйрек аурулары, сондай-ақ қант диабеті бар адамдарға мұндай тамақтану түрінен бас тартқан жөн, олардың құрамында тұз бен қант көп.

Сарапшы кәдімгі гамбургер салыстырмалы түрде теңдестірілген тағам болуы мүмкін екенін атап өтті, бірақ оған картоп пен сода қосу, жағдайды күрт өзгертеді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда жылына қанша бала жоғалады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!