"Неге жақсылық жасамадым екен?" Азамат Сатыбалды өмірдегі үлкен өкінішін жеткізді

Тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында өмірдегі үлкен өкінішін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 28 маусым әкесінің өмірден өткен күні екенін жазған.

"Бүгін әкемнің өмірден өткен күні.
Осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы күні кешкі сағат сегіздерде әкем бізбен қоштасты.
Жандарыңыз жәнәттық болсын асқар тау әкешім, аяулы анашым.

Дүниеде әкеңе еркелеуден асқан бақыт барма.
Көп нәрсе жазғым келеді, бірақ сағыныш деген сезім алқымдап тұншықтырып тұр.

Әке-шешең өмірден өткенде екі өкініш қалады.
1. Неге жақсылық жасамадым.
2. Жасасаң, неге бұдан да көп жасамадым екен деген…….

Ата-анасы мына өмірде барлар,
қандай бақыттысыңдар.
Бағалаңдар.
Жақсы көріңдер.
Беттерінен қайта-қайта сүйіңдер.
Сыйлық жасаңдар.
Жағдайын сұраңдар.
Көңілдерін көтеріңдер.
Барынша батасын алыңдар.
Бақыт батада", - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда жылына қанша бала жоғалады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!