Аптап ыстықта инфаркт қаупін қалай азайтуға болады? Дәрігер жауап берді

Аптап ыстық кезінде мүмкінкіндігінше күн сәулесінен қорғанып, сыртқа азырақ шығу керек. Көбірек су ішіп, күннен қорғайтын крем жаққан дұрыс, сондай-ақ жеңі бар көйлек киіп, басты жауып жүрген жөн. Ыстықта жүріс-тұрыс ережелерін сақтамау инфаркт секілді ауыр салдарларға қауіп төндіреді. Бұл туралы терапевт Людмила Лапа айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "RT" сілтеме жасап.

Жылы немесе қарапайым бөлме температурасындағы суды ішу керек, бірақ салқын су ішуге мүлде болмайды. Өйткені бұл респираторлық ауруды жұқтыру қаупін арттырады. Оған қоса, жазда тым көп тамақтану да қауіпті - бүйрек, жүрек және қан тамырлары шамадан тыс жүктеледі.

Ыстықта тромбоз қаупі бар адамдар антикоагулянттарды ішуі керек, өйткені оларға күн сәулесінде болу одан да қауіпті, бұлай инсульт пен инфаркт қаупі артады.

Басыңыздан күн өтіп немесе дене қызып кетсе, жылу соққысы пайда болуы мүмкін, ол бас айналудан, әлсіздіктен, ұйқышылдықтан басталады. Мұндай жағдайда көлеңкеге отыруыңыз керек, су ішіп, салқындауға тырысыңыз. Егер жағдай нашарласа, медициналық көмек қажет.

ЕСКЕРТУ! Эндокринологтар жылу соққысынан комаға түсу мүмкін екенін ескертеді. Бұл ықтималдық емделмеген және клиникалық көріністің нашарлауы кезінде пайда болады, гипертермия, галлюцинация, құсу, құрысуды сезінуіңіз мүмкін.

Тағы да оқи отырыңыздар: Еуро-2024 фавориті кім?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!