"Жаңалығымызды бөліскіміз келіп тұр". Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева оқырмандарын ойландырып қойды

"Жаңалығымызды бөліскіміз келіп тұр". Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева оқырмандарын ойландырып қойды
Фото: instagram.com/aikerim_kalaubaeva_official/

Соңғы кездері көптің көзіне жиі бірге түсіп жүрген танымал әншілер Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында жұлдызды жұптың жаңа әні жарық көрмек.

"Құрметті, достар!
Сіздермен жаңалығымызбен бөліскіміз келіп тұр!

Жаңа бейнебаян! 
Нұрлан Әлімжанов & Айкерім Қалаубаева
"РАС ПА, ЖАНЫМ?"

29.06.24 / 19:00 
Жуырда! Премьера!

Әзірге әнді тыңдай тұрыңыздар!" - деп жазған әнші.

Бұған Желі қолданушылары ойланып, түрлі пікір білдірген.

"Мағынасына қарағанда бір жақсы жаңалық бар сияқты. Жақсы бейнебаян күтеміз", "Екі жүрек бір-біріне арналған ия, рас па жаным?", "Керемет жұп", "Алақай. Өмірде бірге болмағандарыңыз өкінішті", "Керемет", "Бақытты болуға лайықтысыңдар", "Рас, рас, керемет. Бақытты болыңдар", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: «Б» әрпінен басталатын мағыналы есімдер

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә