"Еркек басыммен неге жыладым?" Аула тазалаушы әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы көпті тәнті етті

"Еркек басыммен неге жыладым?" Аула тазалаушы әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы көпті тәнті етті
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде аула сыпырушы әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы тарады. Видео қазақстандық сұлулық салонның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

36 жастағы Гүлзира жақында тұрмыс құрған, енді 1 ай болған. Тазалықта жұмыс істейді. Қайнарбұлақта саяжайда тұрады екен.

"Есімі Гүлзира, шашым өзі осындай бұйра. Бұрын шашым ұзын еді, кейін қысқартып тастадым. Күйеуім бар, енемнің қолында тұрамыз. Енем де, күйеуім де жақсы", - дейді әйел видеода.

@mamacita.kz

36 жастағы Гүлзира Жақында тұрмыс құрған, енді 1 ай болған. Тазалықта жұмыс жасайды. Үйінде күйеуі және енесімен тұрады. Өте мейірімді, жайлы адам. Қайнарбұлақта Дачада тұрады екен. Бұл проектте біз салонның атынан полностью киіндіріп шашын қарадан шығардық. Үйіне мүлдем басқа Гүлзира болып барды😍

♬ оригинальный звук - Mamacita

Желі қолданушылары бұған тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.

"Күйеуі әйелінің шын мәнінде өте сұлу екенін көріп, қуанып тұр. Бірақ осындай күйге жеткізгенін біліп тұр ма екен?, "Әйел адамды осындай күйге жеткізіп, ұялмай, қызармай, қуанғандарын қарасаңшы", "Енеңіз жақсы болса, жұмыс істетпей қоймас еді", "Еркек сүмелек, әдемі қатын ұнайды екен. Неге әдемі қылып жүргізбейді, жағдайын жасап", "Күйеуі ауыр жұмыс жасатпауы керек, әбіржіп кетіпті әпшеміз", "Көзінде мұң бар", "Жылап алдым", "Еркек басыммен неге жыладым", - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жиеншар деген кім?

Тағы да оқи отырыңыздар: Бас айналғанды қалай басуға болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә