"Еңбегіңе сый осы". Төреғали Төрәлі полиция қызметкерлеріне арнап ән шығарды

7 жыл мерзімге көлік құралын айдау құқығынан айырылған және полиция қызметкерлерін қорлағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылған әнші Төреғали Төреәлі полиция қызметкерлеріне арнап клип шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше әнші Төреғали Төрәлі полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде "Қазақ полициясы" атты әніне клип шығарды. Әнші титрде Полиция Департаментінің ұжымына алғыс білдіреді.

Сондай-ақ әнші клипте өзінің былтырғы Алматыда ұсталған сәтін көрсетеді. Ол клипте бұл оқиғаны полиция көзімен бақылайды.

Еске салайық, былтыр Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видеосы мен суреттері тараған еді

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!