"Жұлдыздың ата-анасын аузыңызға да алмайсыз". Құдағиын құттықтаған Гүлзира Айдарбековаға оқырмандары ренжіді

Продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші ұлы Аян Нұртастың әйелі Әйгерім Саркенованың анасын туған күнімен құттықтады. Алайда оның инстаграм-парақшасындағы бұл жазбасы көпшілік оқырманына ұнамай қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Құдағиым, туған күніңіз құтты болсын! Қыздан жалғыз болса да, Айгерамызды кішіпейіл, инабатты, көркем мінезді етіп тәрбиелегеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Ұл-қыз, немерелердің қызығын бірге көріп, құдам екеуіңіз 100 жасап, екі дүниенің бақытын көрулеріңізді жазсын! 🤲🏼 Біз сізді отбасымызбен жақсы көреміз! 😘 Менің сүйікті оқырмандарым, сіздерге де осындай құдағи тіледім, сіздерден де құттықтауларыңызды, ыстық лебіздеріңізді күтемін", - деп жазды продюсер.

Алайда көпшілік оқырман продюсердің тұңғыш келіні - Жұлдыз Әбдукәрімованың ата-анасына жазба арнамайтынына ренжіді.

"Жұлдыздың ата-анасын аузыңызға да алмайсыз. Сіз оны туған қызыңыз болып өзге әулетке келін етіп бергенде түсінер едіңіз! Тәрбиелі, кішіпейіл етіп дегенде Жұлдызға меңзеп, тіл тигізгеніңіз байқалып тұр. Жұлдыз сізге шыдады, енді жеңілмес", "Жұлдыз сіздермен барды да, жоқты да көрді. Жұлдыздың ата-анасы да жақсы адамдар, бөліп жаруды қою керек, сөзбен тиісіп жазбай", "Жұлдызға ерегесіп істеп жатыр ғой", - деп ренжіді Желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!