"Елге әзір қайтпаймын". Америкадағы қазақ студентімен ашық сұқбат

Шорман Садыр - Алматының тумасы. Арман-мақсат жетелеген ауылдың қара домалақ баласы бүгінде Америка Құрама Штаттарының медициналық мекемелерінде біліктілігін артырып жүр. Мұхиттың ар жағындағы, білімқұмар қазақ баласымен Massaget.kz тілшісі сұқбат құрды.

Мамандығыма қатысты киноларды көп қарадым

Бала кезден дәрігер болуды арманадаған Садыр, өз жолын Алматыдағы Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінен бастаған. 3-4 курс аралығында дәрігерлер жайлы Америкалық кинолардан қанаттанған ол, шетелге шығу жайлы алдына мақсат қойған.

"Алматыда, оқу тағылымдасынан өтіп жүргенімде, мамандығыма қатысты киноларды көп қарайтынмын. Уақыт өте, сондағы интерндер ұқсап, клиникаларда тағылымдамадан өтсем  деп армандауды шығардым. Арманым, кейін келе мақсатқа айналып, түрлі жолдарды қарай бастадым",- дейді Шорман Садыр өткенді еске ала.

"Мен сияқты өмір бойы өкініп өтесің"

Солайша, 2022 жылдың жазында жалпы дәрігер мамандығын бітірген кейіпкеріміз тағылымдаманы АҚШ-та өтпек ниетте, үш бірдей Америкалық мекемеге сұранысын жіберген. Бірақ, мекемелердің бірі, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты, тағылымдамаға қабылдаудан бас тартқан. Өзге мекемелерден де сондай хат келер деп топшылаған ол, үй жанында демесең жүйесі Америкалық саналатын Назарбаев университетіне резидентураға тапсырған.

"Маған ұстазымның "қорықпа, әйтпегенде мен сияқты өмір бойы өкініп өтесің" , - деген сөзі қатты әсер етті. Сондықтан ниеттеніп, шетелде тағылымдама өтуге бірнеше өтініш жібердім. Бірақ, ең бірінші келген хат, іштегі бар жалынымды өшіргендей болды. Амалым құрып, резидентураға тапсыруды ұйғардым. Бірақ, бір күні, мекемелердің бірінен "қабылдандың" деген хабарлама келді. Ойым сан-сақта, барсам дұрыс па, әлде бұрыс болар ме кен деп екіұдай күйде жүрдім. Сол сәтте жаныма жақын жандар "кері тартпалыққа салма" деп, қайрап-қайрап аттандырған-ды", - дейді Садыр Шорман ішкі арпалысын баяндай

"Қазақстанда  күнім сүт қатқан шайдан басталушы еді"

Соңғы сәтте шешім қабылдап,  АҚШ-ның Нью Йорк штаты, Нью Йорк қаласынан бірақ шыққан отандасымыз, қазір білдей бір клиникада тағылымдамадан өтіп жүр.

"Мұндағы жұмыс аурасы мүлде бөлек. Менің жұмыс күнім Қазақстанда сүт қатқан шайдан басталушы еді, қазір Америкалықтар ұқсап кофені қолдан тастамаймыз. Бұнда әр дәрігердің жеке бөлмесі бар. Мамандар да, адамдар да жылы тілдеседі.  Кей кезде өзім секілді жас мамандар жиылып, тәжірибемізбен бөлісіп отырамыз. Бұл менің сөйлеудегі, адамдармен танысудағы комплекстерімді жеңуге көмектесті", - дейді Садыр Шорман жұмыс барысымен таныстыра

Бетіңе күліп қараған адамның ішінде не болып жатқанын ұқпайсың

Кейіпкеріміз,  Америкадағы адамдардың мінездері де бөлек болытынын жеткізеді.

"Көшеде келе жатып, өзге адаммен көз түйістіріп қалсаң болғаны, ол сенің қал-жағдайыңды сұрап күлімдеп шыға келеді. Бір таң қалғаным Америкалықтар негативті эмоцияларын барынша жасырып бағады. Сол себепті бетіңе күліп қараған адамның ішінде не болып жатқанын ұқпайсың, - дейді Садыр Шорман

"Борат" фильмі мен Арал көлі арқылы танитындар аз емес

Қазақстанды, америкалықтар қалай танитыны жайлы да отандасымыз сөз етті.

"Қазақстанды көбісі Димаш арқылы, тау-қыраттар арқылы танып жатады. "Борат" фильмі мен Арал көлі арқылы танитындар да аз емес. Жақында бір проффесормен таныстым, ол көлді зерттеуге қатысқан ғалым екен. Ол кісімен Аралдағы экологиялық катастрофа жайын біраз қаузадық. Ғалымның Арал жайлы білімі мені таңқалдырды", - дейді Садыр Шорман басынан өткен жайтармен бөлісе.

Кейіпкеріміз, жаяу қала аралағанды жақсы көреді екен. Алматыда тапқан әдеті, мұнда да жоғалмаған.

Елге әзір қайтпаймын...

"Мені бұл сауал біраз уақыт мазалады. Бірақ, елге қайтқан күннің өзінде, Қазақстанға не бере аламын деп ойландым. Бәрін ой елегінен өткізе келе түсінгенім, дәл қазіргі біліміммен, мен жаңаша ештеңе алып келе алмайды екенмін. Маған әлі де көп оқу керек. Әлемнің мықты медицина мектептерінен толық сабақ алмай, тәжірибе жинамай, белгілі бір бағытты соңына дейін игермей, еліме пайдам тие қоймас. Алдағы уақытта осында жұмысқа орналассам деймін", - дейді Садыр Шорман жоспарларымен бөлісе

Жас дәрігер болашақта "гепотолог" немесе "хирурго-гепоотолог" болуды алдына мақсат тұтыпты.

Отандасымыздың айтуынша, Америкада дәрігер болып жұмысқа кіру үшін арнайы тесттен өту керек екен. Бұл тест, әлемдегі ең қиын емтихандардың бірі саналады.

"Тест жалпы үш этаптан тұрады. Біріншісі, негізгі медициналық білім, екіншісі клиникалық білім, соңғысы тәжірбиелік тағылымдама. Сол үшеуін тапсырғаннан кейін ғана сіз мұнда жұмыс жасай аласыз. Ал мұндағы клиникалар көбіне маманды дипломына қарай емес, біліктілігіне қарай алады", - дейді Садыр Шорман, жұмысқа тұру ерекшеліктерін баяндай

Елге әрқашан қайта аласың, бірақ...

Қандасымыз, шетелге барсам деп, бірақ қорқып жүрген әр қазақстандыққа өз оқиғасын мысалға келтіріп берді.

"Қорқыныш себебін түсінемін, меніңде бойымда үлкен қорқыныш болған. Жоғарыда айтып кеткенімдей, ұстазымның айтқан сөзі қатты әсер етті. Ол "жас кезімде көп мүмкіндігім болып еді, мен қорқып жүре бергендіктен осылай қалып кеттім. Қазақстан, сенің үйің - отаның. Сен қашан келсеңде құшақ жая қарсы алады. Қорықпа, алға бас, дамы. Жастар дамыса ғана ел дамиды" деген еді. Сол кісінің сөзін мен де сіздерге айтар едім. Шығыңыздар, көріңіздер, қорықпаңыздар. Қазақстанға әрқашан орала аласыздар. Нағыз патриотпын десеңіз мықтылардан үйреніп, соны елге алып келіңіздер. Елдің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосыңыздар!", - дейді Садыр Шорман ұзтаз сөзін мысалға келтіре

Кейіпкеріміз ара-тұра елді сағынатынын жеткізді. Сағынышын күй, жыр, терме тыңдап басады екен. Алға қозғаушы күш "мақсатым" дейді.