Неліктен мұрындағы түкті жұлуға болмайды?

Неліктен мұрындағы түкті жұлуға болмайды?
Фото: ru.freepik.com

Кей адамдар мұрындағы түкті жұлып тастағанды жөн көреді. Алайда мұндай әдет инфекцияларға және асқынуларға әкелуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.

Отоларинголог Дон Бизлидің айтуынша, мұрын - көптеген қан тамырлары мен шырышты қабаттары бар нәзік аймақ. Мұрындағы түкті жұлу немесе оны дұрыс жұлмау инфекция жұқтыру қаупін арттырады.

Мұрындағы түктердің негізгі рөлі - ауадағы шаң мен басқа да заттарды ұстап қалу. Сондай-ақ жәндіктер немесе басқа да тітіркендіргіштер мұрындағы түктерге тисе, рефлекторлық түшкіру шақырады, яғни ағзаның тітіркендіргішті "қуып шығатын" реакциясы іске қосылады.

Сондай-ақ мұрындағы түктер мұрын қуысындағы ылғалдың қолайлы деңгейін сақтауға көмектеседі. Бұл ылғал біз тыныс алатын ауаны ылғалдандыруға  және оны тыныс алу жүйесі үшін қолайлы етуге көмектеседі.

Мұрындағы түктерді түгел жұлып тастау денсаулықты сақтау үшін және инфекцияның алдын алу үшін қажетті сүзгілеу жүйесін жою дегенді білдіреді. 

Егер мұрындағы түктер түріңізге жағымсыз әсер етеді десеңіз, оны қайшымен қиып тастауға болады. Бірақ алдымен қайшыны спиртпен залалсыздандырып алыңыз және тым артық кетпеңіз: шынымен де көрініп тұрған түктерді ғана қиыңыз. 

Оқи отырыңыз: Шугарингті кімдерге жасауға болмайды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова