Қазан көтеріп, далада тамақ дайындаған Мақпал Жүнісова жұртты сүйсінтті

Қазан көтеріп, далада тамақ дайындаған Мақпал Жүнісова жұртты сүйсінтті
Фото: әлеуметтік желіден

Қазан көтеріп, далада тамақ дайындаған Мақпал Жүнісова жұртты сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біздің үйге құдайы қонақтар келіп жатыр. Қарағандыдан үлкен әпшем келіп, қызы оқу бітіріп, сол кісілерге кіші қазаныма ет асып, нанын салып, құрмет қылайын деп жатырмын", - деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Өнер иесінің қарапайымдылығына тәнті болған әлеуметтік желідегілер жылы лебіздерін білдірді.

"Өте қарапайым, жақсы көремін осы Мақпал апаны", "Осы сіздің қарапайымдылығыңыз үшін, ешкімге ұқсамайтын күлкіңіз үшін, ең бастысы Құдай берген өнеріңіз үшін құрметтеймін", "Жарайсың, Мақпал, далаға қазанға тамақ асып, керемет", "Тамаша көрініс", - деді олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова