Қара бетперде таққан жігіт үйінен қашып, қорада жылап жүрген жалғызбасты әкеге үміт сыйлады

Қара бетперде таққан жігіт үйінен қашып, қорада жылап жүрген жалғызбасты әкеге үміт сыйлады
Фото: видеодан алынған кадр

Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге үміт сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол егістікке Мерген деген кісіні іздеп барған.

Мерген — үш баласы бар жалғызбасты әке. Оның екі бірдей көзі нашар (-9) көреді. Ұлы — үшінші топ мүгедегі. Балаларымен пәтерді жалға алып тұрады.

"Жақында жолдасым өмірден озды. Ішінде 3,5 айлық сәбимен кетті. Өзім жалдамалы жұмысшы болып істеймін. Қазір егістікте қырыққабат тереміз. Екі көзім де — минус 9. Үлкен балам да ихтиоз деген аурумен ауырады. Денесінде қара дақтары бар. Басымда баспана жоқ. "Времянкада" тұрамыз. Онда газ жоқ", - деді ол.

Ер адам көз алдынан әйелінің елесі әлі күнге дейін кетпегенін әңгімелеп берді.

"Әлі келетіндей болып тұрады маған. Мәңгілік жүректе қалды ол кісі. Балаларым анасын іздейді. Үйде отырған кезде сыртқа шығып кетемін, қорада жылаймын. Ол сөзді естіген сайын жүрегім ауырады", - деді ол.

Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге бір бума ақшаны ұстатты. Бұл өзінің және баласының еміне деп берілген қаражат еді. Сонымен бірге ол ер адамға қалаған кәсібін ашуға көмектесуге уәде беріп, үйдің кілтін табыстады.

Егістік басында мұндай тосынсыйды күтпеген ер адам солқылдап жылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан