"Бриллиант, бренд жауған той." Айнұр Тұрсынбаева немересінің бір жасын дүркіретіп атап өтті

"Бриллиант, бренд жауған той." Айнұр Тұрсынбаева немересінің бір жасын дүркіретіп атап өтті
Фото: instagram.com/aidyn_nury

Танымал айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева немересі Әлемнің бір жасын дүркіретіп атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер туған күнмен қоса, немересінің тұсауын кескен. Ол қуанышты жаңалығы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Әлемнің тұсауын кімге кестіреміз деген сұрақ туындады. Немеремнің аты Әлем болғандықтан, оның тұсауын қазақты әлемге танытқан адам кесу керек деп ойладық. Ондай екі адам бар. Бірі - менің туған ағам, бірі - туған бауырым. Туған ағам - Қыдырәлі Болманов. Сонау Голливудта қазақтың көк туын желбіретіп, қазақ өнеріндегі тұңғыш "Алтын белгіні" алып келген, қазақ өнері үшін бүкіл өмірін арнаған ер азамат. Екіншісі, менің алтын бауырым, қаншама қазақ баспаналы болсын, үйлі-күйлі болсын деп, қазақ үшін түн ұйқысын төрт бөліп жүрген азамат - Дәулет Мұқаев. Бүгінгі қуанышыма арнайы Астанадан келді", - дейді ол.

Желі қолданушылары ақынның қуанышына ортақтасып, көптеген жағымды пікір қалдырған. 

"Әлем батырдың жолы ашық, несібесі зор, дені сау, жаны жайсаң, нағыз ердің мықтысы боп өссін!", "Әлемнің апасы. Апасындай болып өссін, халықтың баласы", "Әлемнің ең бақытты азаматы болсын - Әлем", "Бақытты балалық шақ тілеймін. Еліне елеулі азамат болсын", "Салиқалы, ізгі ұрпақ болсын", "Әр қазаққа осылай жасау бұйырсын деп қарапайым халық аузының суы құрып қызығып отыр, несие алып жасайды да енді, 1 жас, бесік той тілашар кете береді. Қашан бітетін той?", "Бриллиант, бренд жауған той болыпты" - деп жазды олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә