"Қалың малы - 10 мың доллар". Блогер Елшіндердің кенжесі ұзатылды

Жуырда блогер Мақпал Елшін ұзатылды. Блогердің ата-анасы Анна Данченкоға берген сұхбатында кенже қыздарына құдалары қанша қалың мал әкелгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Той иелерінің айтуынша, құдалары жалпы 5 миллион теңгеден аса ақша әкелген. 

"Қалың мал туралы ешнәрсе айтпадық. Құдағи өзі келді, ақылдасты, екі құдағи ақылдасып шештік. Бірақ "қалыңмалды пәлен әкелесіз" деп айтпадық. "Ол жағын өзіңіз шешесіз" дедік. Өйткені ақша айтсақ, қызымызды сатқан боламыз. Не әкелсе де қабыл аламыз. Өйткені (бастысы - еск.) қызымыздың бақытты болуы ғой. Бірақ бәрі жақсы, керемет әкелді. Қалыңмалға 10 мың доллар алып келді. Ана сүті деп 500 мың теңге берді. Өлі-тірісіне 100-200 мың маңайында ақша әкелді", - блогердің ата-анасы. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!