Нью-Йорктегі әскери академияның бітіру кешінде қазақша сөйлеген қыз көпшілікті тәнті етті

АҚШ-тағы әскери академияның бітіру кешінде қазақша сөйлеген қыз көпшілікті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Нью-Йоркте жүрген қазақстандық фотограф Аркен Аван Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Ол бұл шараға тапсырыс бойынша басқа баланы түсіруге барғанын, қазақ қызын кездейсоқ кездестіргенін айтқан.

Видео авторы қазақ қызын ортаға "ең үздік оқушы" деп, сөз сөйлеуге шақырғанын айтты.

Малика есімді қазақ қызы бітіру кешіндегі сөзін ағылшын тілінде бастап, қазақша жалғастырып, кейін немісше де сөйлейді.

"Әрдайым маған жақсылық тілеп, еркелігімді көтеріп, алыстан уайымдап, мені сағынып жүретіндеріңіз үшін көп рақмет! Ауырмаңыз, жасыңыз ұзақ болсын!", - деді ол ата-анасына арнап айтқан сөзінде.

Қазақстандық фотограф Маликадан алған шағын сұхбатын да жариялады.

Желі қолданушылары бұл видеоларға "Ата-анасына осындай алғыр, батыр қыз тәрбиелеген мың алғыс",

"Не деген керемет, оқыған, көзі ашық, біздің көп жастар үлгі алатын қыз екен",

"Жарайсың, Малика! Үш тілде сөйлесе де, рақметін қазақша айтты",

"Осындай қазақ қыздары бар болғанына мақтанамын. Біздің жастар өте ақылды, білімді, қарап отырып тамсанасың. Малика, жолық әрдайым ашық болсын, қайда жүрсең де!!! Алла қаласа менің ұлдарыма да шетелде керемет универде оқу жұғысты болсын, нәсіп етсін",

"Керемет жетістік, жанып тұрған жастық шақ, жарайсың",

"Мінеки, қазақтың жастары Американы бағындырып жатыр. Біздің қазақтың жастары сауатты. Осылар елді басқару керек, жарқын болашақ осылардың қолында. Айналайын ата-ананның мақтанышысын, елдің мақтанышысын. Аман бол қайда жүрсең де",

"Өзге тілдің бәрің біл, өз тіліңді құрметте! Жарайсың Малика. Сәттілік АҚШта қазақ екеніңді көрсетіп, қазақша сөйлеп. Ақ жол!",

"Жарайсың, Малика! Америка не тұрыпты біздің қазақ қызынааа, алға самға" деп жазып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!